Коронавирустың бейнесі

Дәрігер COVID-19 ағзаны қалай "алдайтынын" айтты

2607
(Жаңартылды 12:12 24.03.2020)
Жаңа вирус ағзаны "алдайды" деп те айтуға болады.Бұл індет тыныс алу жолдарына қатты зақым келтіреді

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз — Sputnik. Коронавирустың жасушаға енуінің ерекше тәсілі бар, деп хабарлайды RT дәрігер-инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты, Ресейдің COVID-19 бойынша жағдайды бақылау жөніндегі жедел штабының мүшесі Тимур Бессарабаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, коронавирус ағзаға жасуша мембранасы арқылы өтеді. Ол жасуша қызметі үшін маңызды молекулаларды өзінің ақуызымен алмастырып, ағзаны "алдайды" деуге болады. Бұл вирусты анықтауды қиындатады. Салдарынан вирус ағзаны зақымдайды. COVID-19 әсіресе, тыныс алу жолдарына зақым тигізеді.

Тағы оқыңыз: "Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың алғашқы екі жағдайы 13 наурызда тіркелді. Соңғы мәліметке сәйкес, елде 67 адамда вирус анықталды.

2607
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1686)
Тақырып бойынша
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Төтенше жағдай: өңірлерде сауда орталығы мен базарлар жұмыс істейтін болады
"Айыптаудың реті жоқ": министр жұртты мазалаған сауалға жауап берді
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Алматыда тағы екі адамда коронавирус анықталды
Елжан Біртанов

"Экс-министр Біртанов ұсталды": мемлекеттік органдар ақпаратқа түсініктеме берді

2
(Жаңартылды 12:41 31.10.2020)
Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

14 маусымда сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

2
Коронавирус сынамасы

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

39
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Павлодар облысында дертке шалдыққандар көп

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қызылорда облысында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 31
  • Алматы қаласы - 21
  • Шымкент қаласы - 6
  • Ақмола облысы - 39
  • Ақтөбе облысы - 6
  • Алматы облысы - 14
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 233
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 13
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 12
  • Маңғыстау облысы - 6
  • Павлодар облысы - 25
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 21
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111 953. 

 

39
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1686)
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады