Мәжіліс депутаттары

Мәжіліс жасы 65-тен асқан депутаттарды жұмыстан шеттетті

3411
(Жаңартылды 11:34 26.03.2020)
18 наурызда мәжіліс қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Төменгі палатаның жалпы отырыстарына тек депутаттар мен әр заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар қатысады 

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Жасы алпыс бестен асқан депутаттар мәжілістің жалпы отырыстарына қатыспайды. Бұл туралы төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әдетте мәжілістің жалпы отырысы әр сәрсенбі сайын өткізілетін, бірақ мереке күндеріне байланысты пленарлы отырыс бейсенбі, 26 наурызда өтті. 

"Бүгінгі жалпы отырыстың форматы біршама өзгерді. Біздің кейбір әріптесіміз бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ. Бірақ, алаңдамаңыздар, бәрі аман, дені сау. Біз жасы 65-тен асқан кейбір әріптесімізге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес жалпы отырыстарға қатыспай, үйде отыруға кеңес бердік",-  деді спикер. 

Нығматулин кворум (107 депутаттың 2/3) зейнеткер депутаттардың қатысуынсыз-ақ пленарлы отырыс өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сәйкес депутаттардың отыратын орны да өзгерді. Құдды бизнес кластағыдай", - деп әзілдеді мәжіліс төрағасы. 

Айта кетсек, 18 наурызда мәжіліс қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Төменгі палатаның жалпы отырыстарына тек депутаттар мен әр заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар қатысады. Бүгін пленарлы отырысқа 107 депутаттың 82-і қатысып отыр.

Тағы оқыңыз: Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Өйткені олар коронавирус бойынша қауіп-қатер тобына кіреді.

3411
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1802)
Тақырып бойынша
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
"Жауыз қылып бітірдік": депутат митингте "адамдарды сүйреп әкететіндер" туралы айтты
"Тыйым салу керек": депутат мектепте неден бас тарту қажет екенін айтты
"Басымды идім": депутат Хаменова мәжілістен біржола кетті
"Қолжаулыққа айналдыруды доғару керек": депутат үкіметке шүйлікті
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Индустрия министрі 5 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй салынатынын айтты

3
(Жаңартылды 16:13 26.11.2020)
Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін атап өтті. Айтуынша, 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Министр 2020 жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындысы мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берді. Сондай-ақ, 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.

"Министр жыл басынан бері "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 15 миллион шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Ал 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.

Оқи отырыңыз: "Әйелдер ипотекасына" қатысты тың ақпарат шықты 

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

3
Кілт сөздер:
баспана, тұрғындар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй орталығы ашылды: қандай қызметтер көрсетіледі
"5-10-20" бағдарламасының төртінші кезеңі басталды: өтінішті кімдер тапсыра алады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотека беру жүйесіне өзгеріс енгізеді
Үкімет басшысы астананың құрылыс алаңын аралады
Планшетпен отырған бала, қашықтан оқыту

Министрлік ата-аналардың чатында тараған қауіпті ойын туралы ақпаратқа түсініктеме берді

287
Ата-аналардың үрейін туғызған компьютерлік ойын туралы хабарлама ішкі істер және ақпарат министрліктеріне жолданды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне орналастырдық, - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Тағы оқыңыз: Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us ("Біздің арамызда") ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне "жиналған" ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.

287
Кілт сөздер:
оқушылар, ата-аналар, қауіпті ойын, Білім және ғылым министрлігі