мұғалім сабақ өткізіп жатыр

Қазақстанда мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттеген директорлар жазаланды

282
Түркістан және Алматы облыстарында коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан мектеп басшылары ұстаздарды жұмысқа шығуға міндеттеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі төтенше жағдай режимін бұзған мектеп директорларын тәртіптік жазаға тартты.

COVID-19 жұқтыру қаупін азайту бойынша шараларды күшейту аясында қабылданған білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 16 наурыздан бастап мұғалімдер көктемгі демалыс уақытында қашықтық режимінде жұмыс істейді. Алайда, кейбір мектеп басшылары ұстаздарды жұмысқа шығуға міндеттеген.

"Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан және Алматы облыстарында бой алғаны анықталды. Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп басшыларына тәртіптік жаза қолданылды", - деп хабарлады министрлік.

Педагогтер әдістемелік және каникулдан кейінгі сабаққа дайындық жұмыстарын қашықтан атқаруы тиіс. Сондай-ақ, пандемия кезінде мұғалімдердің еңбекақысы толық көлемде сақталады, яғни үйден жұмыс істеу олардың айлығына әсер етпейді.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде вирус жұқтырғандар саны 97 адамға жетіп отыр.

Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда - 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.

282
Кілт сөздер:
мұғалім
Тақырып бойынша
Қазақстандық мұғалімдер енді жалақысын өздері есептей алады
Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді – жаңа заңның нормасы
Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған арендалық баспананы қалай алуға болады?
Бес күндікке кімдер көшеді – мұғалімдер үшін жұмыс күнінің режимі әзірленді
Алматы облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады: қаза болғандар бар
Ермахан Ибраимов

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті: боксшы не істейтінін айтты

4
Депутат Ермахан Ибраимов парламент сайлауынан кейін ел арасында тарап кеткен ақпаратқа қатысты өз ойын айтты

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Белсенді Әйгерім Тілеужан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз жазды. Алайда әлі іс қозғалған жоқ. Бұл туралы Алматы тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлады. Ал Ермахан Ибраимов дәрежесіне нұқсан келетін әрекет жасалса, белсенділердің өзін сотқа беретінін мәлімдеді.

"Алматы қаласының полиция департаменті арызды қабылдады. Бірақ әлі іс қозғалған жоқ. Куәгерлермен бірге қалалық полиция департаментіне келіп тұрмыз", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Әйгерім Тілеужан.

Айтуынша, полиция арызды әкімшілік құқық бұзышылық туралы кодекстің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" және 73-2-бабы "ұрып-соғу" бойынша қабылдады.

Айта кетсек, 10 қаңтарда өткен сайлау күні белсенділердің бірі Әйгерім Тілеужан жұртпен бірге алаңға шыққан. Айтуынша, сол кездегі қарбалас кезінде Ермахан Ибраимовтың жұдырығы бетіне тиген. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде боксшы алаңға шыққандардың бірінің қолындағы плакатты жыртып тастады деген де ақпарат тарады.

Ермахан Ибраимов не дейді?

Sputnik Қазақстан тілшісі Ермахан Ибраимовке хабарласып, үстінен арыз жазылғанынан хабары бар-жоғын сұрады. Спортшы бұл туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Арыз жазып-жазбағанынан хабарым жоқ. Білмеймін. Егер менің үстімнен арыз жазып, жалған мағұлмат тарататын болса, мен олардың үстінен арыз жазамын. Психологиялық-моральдық тұрғыда менің дәрежемді төмендетуге әрекет жасағаны үшін сотқа беріп, 5 миллион теңге өндіретінімді де айтқанмын", - деді Ибраимов.

"Арыз жазамыз деп жүргеніне біраз уақыт болды. Менің адвокатым бар, өзім заң факультетін бітіргенмін. Мен заңды жақсы білемін", - дейді Олимпиада чемпионы.

Спортшы тарап жатқан ақпараттың бәрі жалған деп отыр.

"Саусағымның ұшы ешкімге тиген жоқ. Тарап жатқан әңгіменің бәрі – жалған мәлімет. Жерде жатқан плакаттарды көрдім... Мені балағаттап, менің намысыма тигеннен кейін жақын тұрған адамның плакатын жұлып алдым да, жыртып тастадым. Халықтың арасына арандатушылық салатын, ауызбіршілігін бұзатын неше түрлі сөздер жазған", - деді ол.

Алайда депутат намысына тиетін сөз айтқандардың үстінен бірінші болып арыз жазбайтынын айтты.

"Мен үлкен адаммын, Олимпиада чемпионымын. Ондай төмен дәрежеге түспеймін ғой. Олар сияқты емеспін. Мен өте жоғары дәрежедегі адаммын... Он шақты адам бар сияқты. Олардың әлеуметтік желіде неше түрлі пікір айтқаны менің абыройымды түсіре қоймайды", - дейді ол.

"Менің ойымша, оларға шетелде жүрген оппозиционерлер қаражат төлеп, сондай іс-әрекетке барып отыр. Олардың басты мақсаты – Қазақстан ішінде іріткі салып, ауызбіршілігін бұзу. Бұған Олимпиада чемпионы ретінде, Қазақстанның нағыз патриоты ретінде жол бермеймін",  - деп толықтырды ол.

Егер үстінен арыз жазатын болса, депутат өзінің азаматтық құқығын қорғауға мүдделі.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда өткен мәжіліс және мәслихаттар сайлауынан кейін Ермахан Ибраимов Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

4
бетперде киген адамдар

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады Бекшин

5
Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 35%-і - 20-39 жастағы азаматтар, 27-28%-і - 40-59 жас аралығындағы тұрғындар

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы төрт күнде күрт нашарлады. Күніне 125, 140 адамға дейін инфекция жұқтырды. Соған байланысты 25 қаңтардан бастап Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті. Біз қазір арнайы іс-шара әзірлеп, енгізуге дайынбыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Індет басталғалы Алматыда 21 547 адам инфекция жұқтырды, 1 662 коронавирустық пневмония тіркелді. Қаңтарда қалада 3 026 адам коронавирус жұқтырған, 237 адам пневмонияға шалдықты.

Бекшиннің айтуынша, Алматыда COVID-19 індетінің алғашқы толқыны наурыз–сәуір айларында басталды. Шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп, инфекция таралуының шыңына жетті. Қыркүйекте індет жұқтырғандар саны төмендеді. Қазанда инфекцияның таралу қарқыны өсті, қазіргі уақытта пандемияның екінші толқыны жалғасуда.

"Алматы қаласы 8 желтоқсаннан бастап "сары" аймақта болды. Екі рет қысқа мерзімге "жасыл" аймаққа өттік. Алайда 31 желтоқсаннан бастап инфекция жұқтырғандар күрт көбейді, бұл күні 110 адамнан коронавирус табылды", - деді Бекшин.

Науқастардың 40%-і қоғамдық орында, 20%-і қоғамдық көлікте, отбасы ішінде 28%-і жұқтырды.

Айтуынша, кейінгі үш аптада отбасылық іс-шара, сондай-ақ, кинотеатрлар мен театрға барып инфекция жұқтырғандар анықталды. Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 35%-і 20-39 жастағылар, 27-28%-і 40-59 жас аралығындағы тұрғындар. Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, олар сауда орындарында, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында жұқтырған.

5
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин