Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка в маске едет в автобусе в Нур-Султане после введения карантина
Девушка в маске едет в автобусе в Нур-Султане после введения карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы мәліметтер бойынша коронавирус тағы 12 адамнан табылды, Алматыда - 6 адам, Нұр-Сұлтанда - 6 адам

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 12 адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"26 наурыз сағат 16:20-дағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында - 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында - 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

Жаңалықтар
0