Теңге, ақша

Абаев 42 000 теңгені қалай алуға болатынын айтты

3761
Төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандар мен жұмысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беріледі

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай енгізілуіне байланысты кірісінен айырылған адамдар әлеуметтік төлемді қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша,  бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы шығады.

"Ол жерде төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемдерді берудің ережесі көрсетіледі. Бұл төлемдер әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді", - деді Абаев.

Ол төтенше жағдай кезінде берілетін төлемнің екі түрі болатынын атап өтті.

"Біріншісі, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға беріледі. Оның көлемі – айына 42 000 теңге. Бұл шағын және орта бизнес қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға үш рет аударым жасаған болуы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық, қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жасалады", - деп толықтырды министр.

Қазақстанда бір реттік төлем барлығына неге берілмейді – министр түсіндірді

Төлемнің екінші түрі жұмыстан шығып қалғандарға қатысты.

"Олар төлемдерді бір айдан алты айға дейін алады. Төлемдердің көлемі айлықтың 40%-ін құрайды. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет", - деді Абаев.

Арызды онлайн беруге болады. Министрдің мәліметінше, үкімет осындай төлеммен 1,5 миллион адамды қамтамасыз етеді.

3761
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, төлем, Дәурен Абаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1809)
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
Карантин кезінде елорданың ауруханалары қалай жұмыс істейді 
"Nur Otan" партиясы тұрмысы төмен отбасыларға 150 миллион теңге бөлді
"Сынақтан абыроймен өтеміз": Назарбаев өз қорынан 200 млн теңге бөлді
Жол жабылды: Нұр-Сұлтан мен Алматыға карантин кезінде кімдер кіре алады
Төтенше жағдай кезінде жәрдемақы кімге және қалай төленеді
Дәрігер, архивтегі фото

Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты

11
Қазіргі сценарий бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантин шаралары күшеюі мүмкін, деп атап өтті Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айларында карантин шаралары күшеюі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сіздер білесіздер, біз апта сайын деректерді талдап, болашақтағы жағдайларға болжам жасаймыз. Қазіргі сценарий бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантин шаралары күшеюі мүмкін екенін көріп отырмыз. Бәрі  қазіргі жағдайды қалай бақылауға алатынымызға байланысты", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, бұған дейін ауру көрсеткіші жоғары болған өңірлерде вирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Соңғы уақытта өңірлер арасында көш бастап тұрған Шығыс Қазақстанда көрсеткіш төмендеген.

Оқи отырыңыз: Министр Цой алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады 

"Біз жағдайды бақылап отырмыз және апта сайын болжамды жаңартамыз. Десе де, қазір өсім байқалады және ол болады да. Ең бастысы оны тежей білу керек. Қазір ауруханалар мен инфекциялық стационарлар 22%-ке толған, реанимациялық төсек-орынның 17%-і бос емес. Яғни, резерв бар, сол себепті жағдай бақылауда, алаңдаудың қажеті жоқ", - деді ведомство басшысы.

11
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1809)
Тақырып бойынша
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады – министр
Ақмола облысында карантин тағы да күшейтілді
Нұр-Сұлтанда сенбі күні сауда орталықтарының жұмыс істеуіне тыйым салынуы мүмкін
Облыс әкімі Тоқаевтың сынына жауап берді
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр
Алексей Цой

Министр Цой алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

727
Алексей Цой халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шаралар өткізбеуге және суық тиіп қалудан сақтануға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы демалыс және мереке күндері азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр елдегі эпидемологиялық жағдайдың қалай болатыны әрбір адамға байланысты екенін айтып, әр қазақстандықтан міндетті түрде бетперде тағып, арақашықтықты сақтауды өтінді.

"Ұзақ демалыс, жаңажылдық мерекелер жақындап келе жатқанын ескеріп, сіздерді инфекцияның алдын алу шараларын сақтауға шақырамын", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Атап айтқанда, ол халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шаралар өткізбеуге және суық тиіп қалудан сақтануға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады – министр 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде эпидемиологиялық жағдай ушыққанын мәлімдеген болатын. Айтуынша, республикада қарашада өткен аймен салыстырғанда вирус жұқтыру көрсеткіші 3,7 есеге өскен. 5 облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді.

727
Кілт сөздер:
коронавирус, үндеу, мереке күндері
Тақырып бойынша
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр
Дәрігер түрлі-түсті масканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты
Министр Цой Маңғыстау облысының жабық ұжымдарына қатысты мәлімдеме жасады
Облыс әкімі Тоқаевтың сынына жауап берді
Қазақстан коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады