бетперделер

Елімізде 4 млн бетперде мен 13 мың литр антисептик тәркіленді

224
(Жаңартылды 16:56 26.03.2020)
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен жеті облыста бетперде мен антисептикті заңсыз сату фактілері анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдай жарияланғалы бері елде төрт миллион бетперде мен он үш мың литр антисептик тәркіленді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр барлық өңірде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкідерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз жоғары бағамен сату деректерін анықтауда.

"Төтенше жағдай басталғаннан бері Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды. Мұндай деректер астана мен Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында анықталған", - деді Абаев онлайн-брифингте.

Елордада және Ақтөбе облысында бетперде және антисептикті заңсыз сатқан қырық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша төрт миллион маска мен он үш мың литр антисептик тәркіленді", - деді ол.

Қазір тәркіленген дүниелер денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр.

224
Кілт сөздер:
бетперде
Тақырып бойынша
Абаев 42 000 теңгені қалай алуға болатынын айтты
Коронавирус жұқтырған азаматпен Шымкентке бірге келгендер табылды  
Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

ОСК мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді

37
"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. ОСК кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Nur Otan" партиясы парламент сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылдың 26 қарашада ұсынды.

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. Оның 40-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 процентін құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді", - деп атап өтті ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырыс барысында.

Тексеріс нәтижесінде партиялық тізімге енгізілген барлық адам заң талаптарына сай келетіні белгілі болды.  

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері "2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады.

37
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады – Назарбаев
Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Телефон, иллюстративті фото

Құпия деректерге қауіп төніп тұр: Жалған онлайн ойынның сілтемесі таралып жатыр

24
Қолданушылар бөлісіп жатқан сілтеме ойынның порталына емес, жеке деректерді иемдене алатын фишингтік сайтқа кіргізіп жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Amazon компаниясы жүргізіп отыр делінген онлайн ойын туралы ақпарат таралып жатыр.  

"Ойын" ережесіне сәйкес, қатысушылар қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтып алуы мүмкін. Алайда қолданушылар таратып жатқан "ойынның" сілтемесі фишингтік сайтқа алып барады, деп хабарлады Stopfake порталы.

"Бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Оның бәрі фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кірмек болғанда автоматты түрде фишинг туралы ескерту шығады, ал сервермен байланыс қорғалмаған", - делінген хабарламада.

Сарапшылардың мәліметінше, алаяқтар осындай интернет-платформалар арқылы сайтқа кірушілердің жеке деректерін –аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады.

"ҚҚС төлемдерін қайтарып ал": Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етіп жатыр, адамдарды банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.

Фишинг – интернет алаяқтығының бір түрі, оның мақсаты – қолданушының құпия деректеріне, атап айтқанда, логиндер мен парольдерге қол жеткізу.

24