Алматы, архивтегі фото

Психолог карантин кезінде төрт қабырғаға қамалып отырғандарға кеңес берді

1508
Серікгүл Сәлі қазір бала-шағаңмен, жан жарыңмен, ата-анаңмен сырласып, рухани әңгіме айтудың пайдасы мол екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Коронавирус адамзаттың күнделікті өмір салтын түбегейлі өзгертті. Пандемияға байланысты біраз елде карантин жарияланды. Адамдар үйден шықпай, қашықтан жұмыс істейтін болды. Ал төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген психолог Серікгүл Сәлі коронавирустың қоғамның санасына қалай әсер еткенін және карантин уақытын қалай өткізу керектігін айтып берді.

Бұрынғы жанталас тоқтады

Психолог маман коронавирустың таралуына байланысты көмекке жүгінетін адамдардың көбейгенін байқамапты. Дегенмен, өзінен кеңес сұрайтындар бұрынғыдай емес, әрбір тақырыпты терең қаузайтын болған.  

"Мен кешеден бері әлеуметтік желіге шығып, халықтың сұрағына жауап беруді қолға алып жатырмын. Сонда байқағаным, адамдар терең ойланатын сұрақтарды көп жолдайтын болған. Бұрын өз тыңдарманыммен бұндай терең деңгейде сирек әңгімелесетінмін. Ал сұрақтардың деңгейі көтерілсе, адамның ой-санасы да өседі. Бұрынғы сұрақтың деңгейі өте төмен еді ", - дейді Сәлі.

Оның ойынша, қазіргі жағдайда адамдар терең ойлануға мүмкіндік алды. Себебі бұрынғы жанталас кілт тоқтады. 

"Бұрын біз өмір үшін жанталасқан адам едік. Ойлануға уақыт болмады. "Қалың қалай?" деген сөздің өзін жүректен шығарып айтуға уақытымыз жетпеді. Анаған үлгеруім керек, мынаны алып қоюым керек. Әйтеуір, бітпейтін жанталас. Қазір ол жанталас тоқтады. Тыныштық кезеңі басталды. Содан халықтың сұрақтары да өзгерді, салмақты бола бастады. Бұрын бәрі асығып тұратын", - дейді психолог.

Не үшін жанталастық?

Серікгүл Сәлінің айтуынша, үйден шықпайтын халық абдырап қалды. Өйткені тыныштықты қалай қабылдауды білмейді. Содан отбасына қатысты сұрақтар жиі қойылады. Ал ата-аналар карантин кезінде үйге қамалып отырған балалар үшін қатты алаңдайды.

"Балалар таңнан кешке дейін компьютерде немесе "соткада"  отырады, тағы не істеуге болатынын сұрайды. Сосын балалар шаршатты, күйеуі мен әйелі бір-бірін шаршатты. Осының бәріне үйде қалай төзіп отыруға болады? Қорқыныш-үрей төңірегіндегі сұрақтар аз емес. Қазіргі сәтті қалай пайдалану керек? Осындай сауалдар көп", - деп атап көрсетті Сәлі.

Психолог қазіргі  тыныштықты пайдаланып, адами қасиеттерді көтеруге, бір-бірімен қарым-қатынасты бекітуге, отбасын күшейтуге кеңес беріп отыр.

"Мысалы, Қытайда карантиннен кейін ажырасу көбейіп кетті. Неге? Себебі олар өз үйінен қашып, өмір сүрген. Бізде де ондай адамдар аз емес. Көп уақытын жұмыста өткізеді, одан кейін тағы шаруамен шапқылайды. Сөйтіп, өзі білмейтін отбасын құрып қойған, оны танымайды да. Ішіндегі адам нені қалайды? Жаны не нәрсеге жақын? Былайша айтқанда, байланыс үзіліп кеткен, адами қарым-қатынас жоқ. Міне, осыны ойланумыз керек. Соған уақыт беріліп отыр", - дейді Сәлі.

Оның ойынша, қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, отбасының жаңа бір формасын құру қажет. Себебі отбасы құндылықтары әбден ұмытылған.

"Үйіңде бала-шағаңмен, жан жарыңмен, ата-анаңмен отырып, сырлас, рухани әңгіме айт. Осылайша, бөтен ешкімді кіргізбей, жеке отбасы жүйесін құру қажет, бұрынғы қателіктерді түзету керек. Бұған дейін не үшін арпалыстық? Не үшін жанталастық? Осыны ойланайық. Бұрын бұны тыңдайтын құлақ жоқ еді, қазір пайда болды. Пандемия бізді бір-бірімізді тыңдауға, бір-бірімізді құрметтеуге, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасауға үйретеді. Ал ол далада емес, өз үйіңде басталуы керек", - деп түйіндеді психолог.

1508
Кілт сөздер:
психолог, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (703)
Тақырып бойынша
Карантиндегі Алматыға кірмек болған тұрғындар қамауға алынды
Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды
Терезеден секіріп кетті: қазақстандық карантиннен қашты
Президент коронавирусқа байланысты оқшаулаудың күшейтілетінін мәлімдеді
Министр карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

44
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

44
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

390
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

390
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады