Халыққа қызмет көрсету орталығы

Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

526
Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда мемлекеттік қызметтің 80%-тен астамын egov.kz порталынан алуға болады

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс режимі жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтің 80%-ін электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.

"Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қаласында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда мемлекеттік қызметтің 80%-тен астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар қызмет мобильді қосымша, Telegram мен әлеуметтік желіде қолжетімді. Жақын арада онлайн қызметтер саны артады", - деді Абаев.

Сонымен қатар 1414 байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Сол арқылы бір уақытта мыңнан аса адам кеңес ала алады. Кеңес беру видеобайланыс арқылы да жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктердің жүру уақыты өзгереді

"21 наурыз құжат тапсырған азаматтар құжаттарын 28 наурызға дейін ала алады. Әр қалада бір орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде атқарады. Құжаттар қолма-қол беріледі", - деді министр.

Айта кетейік, қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Telegram-дағы egovkzbot2.0 боты арқылы да алуға болады.

526
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, ХҚКО
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1795)
Тақырып бойынша
Министрлік Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты
Қазақстан елордасының орталық көшелері бос қалды – фото
Ақтөбе облысында бір адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
"Сақтықта қорлық жоқ" : өнер адамдары карантин кезінде Наурызды қалай атап өтті
Қазақстанның оңтүстігінде төрт автовокзал жабылды
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

41
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

41
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесін өткізді

"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады Назарбаев

386
(Жаңартылды 19:41 24.11.2020)
Қазақстан тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында күрделі жағдайларды айналып өте білді, деп атап өтті Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Жиында Назарбаев соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

"Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік", – деді партия төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті 

"Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.

"Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар өкілі. Партиялық тізімнің 30 процентін  әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімдерінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар", – деп толықтырды ол.

Қазақстанның Тұңғыш президенті праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жеткенін атап өтті.

"Осылайша, біз "Nur Otan" партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық", – деп түйіндеді партия төрағасы.

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім "Nur Otan" партиясының ХХ съезіне ұсынылады.

386
Кілт сөздер:
Назарбаев, сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Ауыл" партиясы ОСК-ге мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды
Қазақстанда тағы бір партия атауын өзгертті
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты
"Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады