Қоғам

Нұр-Сұлтан әкімі қалаға қарапайым адамдарға да кіріп-шығуға болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневВодителей транзитных автомобилей просят заполнить анкету
Водителей транзитных автомобилей просят заполнить анкету  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алтай Көлгінов басқа аймақтарда ұзақ уақыт болып, Нұр-Сұлтанға келетін адамдар тестілеуден өткізілетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов күшейтілген карантин кезінде қаладан шығуға және кіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде азық-түлік тауарларын таситындар қалаға кедергісіз кіре алады. Соның өзінде жүк көлігі кіреді де, тауарды түсіргеннен кейін бірден шығып кетеді. Ал транзиттік көліктер қаланы айналып өтеді. Алайда қарапайым адамдарға да кіруге рұқсат бар.   

"Іссапарда болғандар қалаға кіре алады. Бұдан бөлек, отбасы мәселелеріне байланысты, мәселен, туған-туысы ауырып қалса, я болмаса, қайтыс болса, біз ондай азаматтарды арнайы рұқсатпен шығарып, қайтадан кіргізе аламыз", - деді Көлгінов Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жұмыстан уақытша босатылған тұрғындар да туған жерлеріне барғысы келіп, жиі өтініш жасайды.  

Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды 

"Қазір бізге біраз адам келіп, "жұмыстан уақытша босатып отыр, оған дейін өз өңірімізге барып қайтқымыз келеді" дейді. Осы бір аптаның ішінде, шамамен, 500 адам осындай өтініш жасады. Біз тест жасағаннан соң, адам теріс нәтижені алғаннан кейін ғана қаладан шығарып жатырмыз. Олар туған жерлеріне бара алады. Сол сияқты басқа аймақтарда ұзақ уақыт болып, Нұр-Сұлтанға келетін адамдарды да тестілеуден өткізетін боламыз", -  деп атап көрсетті Көлгінов.

Әкім қалаға кіретін адамдар үшін арнайы стационардың жасақталғанын да жеткізді. Келетіндер сол жерде тест тапсырып, нәтижесін күтеді. Аурудың белгілері болмаса, қалаға кіруге рұқсат беріледі.

Жаңалықтар
0