Бетперде киген ер адам

Коронавирус қаупі: полиция 47 адамды іздеп жатыр

655
(Жаңартылды 18:59 31.03.2020)
Министр полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтап, қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 47 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Полиция инфекция жұқтыруы мүмкін деген адамдарды медицина мекемелеріне жеткізу шарасын қолға алды. Біз мұндай адамдарды денсаулық сақтау органдарының тапсырысы бойынша іздейміз. Қазіргі кезде осы санатқа жататын тағы 47 адамның жүрген жері анықталып жатыр", - деді Тұрғымбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда министр халыққа үндеу жолдап, қазіргі шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

"Қазіргі кезде әлемнің бәрі қатаң оқшаулауда өмір сүріп жатыр. Көп адам болатын жерге бармаңыздар. Үйден шықпаңыздар. Қазіргі кезде тәртіп пен сақтық шараларын сақтаған аса маңызды. Режимді бұзатындар өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдарға да, алдымен, жақындарына қауіп төндіреді. Сондықтан полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймын", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, бүгінде санитарлық ережелерді бұзу оқиғалары бар. Атап айтқанда, инфекцияны жұқтырған адамның емдеуден бас тартуы және қарым-қатынаста болған адамдар туралы ақпаратты жасыру бойынша төрт іс қозғалды.

Төтенше жағдай және карантиндегі қалалар 

Қазақстанда 16 наурыз -15 сәуір аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Елорда, Алматы және коронавирус көп тіркелген қалалар карантинге жабылды. Өзге өңірлерде де төтенше жағдай режиміне қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр.

 

655
Кілт сөздер:
карантин, адам, полиция, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (747)
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті
Жұмыстан үйге: елордалық полицейлер жүргізушілерді "Сергектің" көмегімен аңдиды
Білім министрі мектебін сағынып жүрген Нұрисламға жауап берді
Қызылорда облысында бір үйдегі 8 адам COVID-19 жұқтырды  
Павлодар облысында екінші адам вирус жұқтырды деген ақпарат дұрыс болмай шықты
Вакцинация

Онкологиясы бар науқастарды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға бола ма?

3
Маман пікірінше, екпені қолданудың өз ерекшеліктері бар. Яғни, емделуші мұндай топқа жататын болса, емдеуші дәрігермен кеңесуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қатерлі ісік ауруы бар науқастар "Спутник V" коронавирусына қарсы вакцинаны абайлап қолдануы керек, деп мәлімдеді Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург.

Сондай-ақ, ол "Спутник V" нұсқауында онкологиялық науқастарға вакцинация жасауға тыйым салынбайтынын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Маман пікірінше, екпені қолданудың өз ерекшеліктері бар. Яғни, емделуші мұндай топқа жататын болса сақтықпен, емдеуші дәрігермен кеңесуі керек.

"Бұл тұжырымдама "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігі мәселесімен байланысты емес. Себебі, онкологиялық науқастар түрлі химиялық терапия курсынан, соның ішінде қуатты цитостатикадан өткен болуы мүмкін (ісікке қарсы дәрі-дәрмектер тобы – Sputnik). Мұның бәрі иммундық функцияны төмендететіні анық", – дейді Александр Гинцбург.

Бұған дейін қатерлі ісігі бар науқастар "Спутник V" вакцинасын абайлап қолдану керектігін хабарланған болатын. Өйткені оның мұндай науқастарға әсері туралы ақпарат әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да медициналық преапаратты қолдану жөніндегі жаңа нұсқаулықтың шыққанын күтуге тура келеді.

Орталық басшысының айтуынша, мұндай жағдайларда вакцинация туралы шешім емдеуші дәрігермен кеңескеннен кейін қабылдануы тиіс. Алайда, бұл "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігіне ешқандай қатысы жоқтығын немесе пациенттердің бұл тобына иммундауға тыйым салуды білдірмейді.

Оқи отырыңыз: "Үкімет күшіне сенбей ме?": Бекболат Тілеухан екпе туралы заңға қарсы шықты

Сонымен қатар, Гинцбург "Спутник V" рак ауруын тудыруы мүмкін емес деп санайды. Өйткені, ол адамның аденовирусының дәлелденген және шимпанзе аденовирусы мен РНҚ платформасына негізделген бірқатар басқа дәрілерден айырмашылығы жақсы зерттелген. Бірақ оның ұзақ мерзімді әсерлеріне зерттеу жүргізілмеген.

3
Кілт сөздер:
коронавирус, онкология, вакцина
Тақырып бойынша
Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады
Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді
Тұмауға қарсы вакцинация: министр Цой өзіне екпе салдыруды жоспарлап отыр
Үкіметте вакцинация мен маска тағудың нәтижесі жарияланды 
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады
Мүгедек арбасын ұстап тұрған бойжеткен

Мүгедек қызды зорлау ісі: Шымкент әкімдігі тексерістің нәтижесін жариялады

521
(Жаңартылды 18:18 25.01.2021)
Сотқа дейінгі тергеу аясында мекемеде жұмыс істейтін барлық ер адамдар мен бұрын жұмыс істеген азаматтардан жауап алынып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Шымкент әкімдігі президенттен көмек сұраған мүгедек қыздың анасының мәселесі бойынша мәлімдеме жасады. Онда тексерістің нәтижесі жарияланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әкімдіктің хабарлауынша, 28 жастағы Толғанай Батыршаева әкімдікке қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығына 2010 жылы тапсырылған болатын. Ал өткен жылы қарашаның 13-і күні оның анасы Әлия Мамұтова жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ауызша арызданып, орталық мамандарының туған қызына жүктіліктің алдын алатын спираль құралын салып қойғанын айтты.

Осыдан кейін Батыршаеваның анасымен бірге Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағы бөлім басшысының міндетін атқарушы Оспанова мән-жайды анықтау үшін орталыққа барған.

"Тексеру кезінде ол қыздың жеке мұрағаттық деректерімен танысты. 2012 жылы гинеколог-дәрігердің жыл сайынғы профилактикалық тексеруінде Батыршаеваның пәктігінің бұзылғаны туралы мәлім болған", – делінген мәлімдемеде.

Ал 19 қарашада қалалық полиция департаменті тергеу шараларын бастады. Сот-медициналық сараптамасы өткізілетін болды. Оған мүгедек қыздың анасы, Абай ауданының полиция бөлімінің қызметкері және интернаттың психиатр-дәрігері қатысты.

"Сонымен қатар, сот-психиатриялық, сот-биологиялық және кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындалды. Мәселенің мән-жайы аталған сараптамалар қорытындысы шыққаннан кейін мәлім болатынын хабарлаймыз", – дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері.

Жалғызбасты ананың жанайқайы

Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамұтованың бейнеүндеуі Telegram-арнасында жарияланған болатын. Мүгедек қыздың анасы арнайы интернатта тұратын қызына спираль жасырын түрде салынғанын мәлімдеді.

Оны өткен жылы қараша айында қызын көруге барғанда білген. Ал Гүлмира есімді психолог оны растады.

"Иә, салып қоятынымыз рас. Бұдан басқа, 43 қызға салып қойғанбыз. Егер спираль салып қоймасақ, бұлар екіқабат болып қала береді", – деді ол.

Жалғызбасты ана интернатта, көбінесе, I-II топ мүгедектердің жатқанын еске салып, олардың кімнен және қалай екіқабат болатынын түсінбей отыр.

"Неге олар спиральді жасырын салады? Оны не үшін салады? Біз неге білмейміз? Анау 43 қыздың ата-анасы да білмейді. Ешкім естіген жоқ. Қызым айтпағанда білмей, жүре беретін едім. Сонда медициналық картада 2011 жылы қыз болып жазылған, ал 2012 жылы "спираль салынған" деп жазылып тұр", – деп атап көрсетті Мамұтова.

Оқи отырыңыз: Көлік тізгіндеген 6 жасар бала әйелді қағып, мүгедек қылды: оқиғаның мән-жайы

Жалғызбасты ана полицияға арыз түсірген. Бірақ тергеу шараларына көңілі толмайды. Үш айдын кейін ол видео арқылы мәселенің мән-жайын жариялап, президенттен көмек сұрауды жөн көрді.

"Осы тергеу басталғалы қоғамдық шу шығармаңыз, ешқайда жарияламаңыз деп мені ұстап келді. Қазіргі тергеуге көңілім толмайды. Тергеу жүріп жатқан жоқ. Үш ай болды. Мен бұдан артық шыдай алмаймын", – деді Мамұтова.

Полиция не дейді?

Шымкент қаласының полиция департаменті бірнеше рет жасалған зорлау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның қызына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы арызы бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы, 2-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет жасалған зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жалғастыруда. Тергеу барысында тиісті сараптамалар және бірқатар тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді", – делінген ресми хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аясында мекемеде жұмыс істейтін барлық ер адамдар мен 2010 жылдан бері жұмыс істеген азаматтардан жауап алынып жатыр.

521
Кілт сөздер:
мүгедек, зорлау
Тақырып бойынша
Мүгедек балаларды азаптаған: Павлодарда орталық қызметкерлері сотталды – видео
Мүгедек ұлы үйде қалып қойған: Қостанай облысында қайғылы оқиға болды
Депутаттар мүгедек баласы бар ата-аналарға жалақы төлеуді ұсынды 
Оралда зейнеткер мен мүгедек ұлын өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты
Көкшетауда кішкентай қызды құтқарған ер адам мүгедек болып қалды – видео
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев білім министрі Аймағамбетовты қабылдады

3
Асхат Аймағамбетов "Nur Otan" партиясының  сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты  

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасының ресми сайтының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов білім және ғылым саласының қазіргі ахуалын баяндады. Сонымен қатар "Nur Otan" партиясының  сайлауалды бағдарламасының ғылымды дамыту мен жастар тәрбиесі бағыттарын жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.

Ал Талғат Донақов Нұрсұлтан Назарбаевқа "100 нақты қадам" ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар жайында ақпарат берді.

3
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Nur Otan-ның жас депутаты неге жұрттың сынына ұшырады
Назарбаев Нығматулиннің кандидатурасын басшылық қызметке ұсынды
Дариға Назарбаева мәжілісте немен айналысады
Назарбаевтың биыл қандай шараларға қатысатыны нақтыланды
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады