Дәрігер, архивтегі сурет

"Мойындауға мәжбүрмін": министр ызаланған медицина қызметкерлеріне жауап берді

5995
(Жаңартылды 12:11 02.04.2020)
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшаулау бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері наурыз айындағы жалақы мөлшеріне, жұмыс жағдайына көңілі толмайтынын айтқан болатын

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясы анықталған науқастармен жұмыс істеп жатқан медбикелер мен санитарлардың хатына жауап берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшаулау бөлімінде жұмыс істейтін Жанар Мұхамеджанова, Тамара Әмірбекова ,Татьяна Борисовна, Гүлнара Хайрина және Айман Оралбаева астаналық тілшіге наурыз айындағы жалақы мөлшеріне, сондай-ақ жұмыс жағдайына көңілі толмайтынын және жұмыс орындарын тастап кетуге дайын екенін айтқан болатын.

Министр өзінің Facebook парақшасында медицина қызметкерлерінің жағдайын жасау мәселесін тағы көтеретінін айтты.

"Құрметті менің әріптестерім, мен сіздер жолдаған хатты оқыдым және наразылықтарыңызды түсінемін. COVID-19 жұқтырғандарға арналған стационарда сіздердің де болуларыңыз мен үшін де үлкен сұрақ тудыратынын мойындауға мәжбүрмін. Орталық стационар осыған дейін бірнеше рет инспекцияланды, инфекциямен күрес жүргізу шарттарына сәйкес келетін оқшаулау мекені ретінде анықталды. Мен дереу комиссия жинап, аз уақыт ішінде бұл мәселені шешуге уәде беремін", - деп жазды министр.

Сондай-ақ, дәрігерлердің осындай сәтте алдыңғы қатарда тұрғанын, адам өміріне араша түсетінін айтып өтті.

"Жақыныңыз, туған-туыс пен балаларды қалдырып, барлық уақытты жұмыста өткізіп жатырсыздар. Мен мемлекеттік комиссияның жуырдағы отырысында вируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне жағдай жасау мәселесіне тағы да назар аударып, осы сауалды көтеремін", - деді министр.

Мемлекет бөлген ақша қайда жұмсалды

Біртанов "Мемлекет пен бизнесмендер тарапынан бөлініп жатқан қаржының қайда жұмсалып жатқаны" туралы сұраққа жауап берді.

Новый аким Кызылординской области Гульшара Абдыкаликова начала свою работу с посещения инфекционной больницы
© Photo : пресс-служба акимата Кызылординской области
Жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, Қызылордада түсірілген сурет

Қаржы әр түрлі мақсатқа жұмсалып отыр: жеке қорғану құралдары, дәрі-дәрмек, медицина құралдарды, коронавирусты анықтауға арналған тестілерді сатып алуға, азаматтарымызды "қауіпті" елдерден эвакуациялауға, медицина қызметкерлері мен ел экономикасын осы қиын кезеңде қолдауға бағытталады.

"Біздің дәрігерлерге көмек көрсетілу мәселесіне келер болсақ, президенттің тапсырмасымен жуырда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлеріне ай сайынғы үстемеақы белгіленетін болады. Барлығыңыз тәуекелге барып отырсыздар, бұл ел басшылығын алаңдатады, сондықтан сіздердің қауіпсіздік үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданып жатыр", - деп жазды министр.

Үстемеақы кімге беріледі?

Үстемеақы беру үшін 3 топ анықталды. 

Қауіптілігі аса жоғары топқа 850 мың теңге көлемінде үстемақы белгіленді: жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. 

Екінші топқа үстемеақы 425  мың теңге болып белгіленді. 

Қауіптілігі орташа топқа  212,5 мың теңге үстемеақы белгіленді.

"Маған айтылған санатқа кірмей қалған медицина қызметкерлерінен көптеген өтініш келіп түсті. Қазір денсаулық сақтау министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру бойынша жұмыс істеп жатыр", - деп түсіндірді ол.

Министрдің айтуынша, жақында қосымша бұйрық шығады. Ол жерде кімнің жалақысына үстемеақы берілетіні көрсетіледі.

"Ең алдымен, жұқпалы ауруханаларда жұмыс істейтіндер, жансақтау бөлімінде адам өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатқандар, сондай-ақ жаңа коронавирус инфекциясымен күреске тартылған басқа да медицина қызметкерлері", - деді Біртанов.

Барлық шешім ашық түрде, комиссияның қатысуымен қабылданады. Өңірлердегі комиссиялардың құрамына қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, Нұр Отан партиясының, жергілікті атқарушы органдардың – денсаулық сақтау басқармаларының және әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері кіреді.

Ал үстемеақы наурыз айы үшін сәуірдің басында беріледі.

5995
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1675)
Тақырып бойынша
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Елорданың медицина қызметкерлері қонақүйде тұрады  
Медицина қызметкерлеріне 850 мың теңгеге дейін үстемеақы төленеді
Семей медицина университетінің басшылығы билікке үндеу жасады
Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге төленеді 
Аурухана, архивтегі фото

Коронавирус пен пневмониядан тағы алты қазақстандық қайтыс болды

28
3200-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 287 бала бар, 117 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 201 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 287 бала бар.

"Стационарларда 2 289 науқас, амбулаториялық деңгейде 912 пациент емделіп жатыр. 117 адамның жағдайы ауыр, ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бір тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті 

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада 268 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар 174 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 111 100 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 840 адам қайтыс болды. 37 378 адам пневмониямен ауырып, 397 адам қайтыс болды.

28
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1675)
Тақырып бойынша
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды
Зертхана, архивтегі фото

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

480
Антирейтинге Шығыс Қазақстан облысы көш бастады – мұнда бір тәулікте жүзден астам адамнан инфекция табылды  

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 268 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі еседей көп, 28 қазанда 148 науқас тіркелген болатын.

Оқи отырыңыз: Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды 

Науқастардың саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр, мұнда бірден 139 адамнан вирус анықталды.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 33,
  • Алматы қаласы – 12,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақмола облысы – 10,
  • Ақтөбе облысы – 2,
  • Алматы облысы – 5,
  • Атырау облысы – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 139,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 9,
  • Қарағанды облысы – 10,
  • Қостанай облысы – 7,
  • Қызылорда облысы – 6,
  • Павлодар облысы – 12,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 13,
  • Түркістан облысы – 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны –111 100.

480
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды
Әлемде бір аптада COVID-19 жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
ақша, теңге

Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр

21
Пандемия кесірінен іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты қазақстандықтардың кредиті өседі

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Ұлттық банк 2020 жылы қазақстандықтардың депозиті мен кредиті ұлғаяды деп болжап отыр. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, жыл басынан бері экономикадағы кредит 3,5%-ке немесе 480,6 миллиард теңгеге ұлғайып, қыркүйектің соңында 14,3 триллион теңгені құраған. Соның ішінде ұзақ мерзімді кредит 4,5 процентке, 12,4 триллион теңгеге дейін өссе, қысқа мерзімді несиелер 2,4%-ке азайып, екі триллион теңгеге жетті.

"Біздің болжамымыз бойынша 2020 жылы депозиттер мен кредиттер іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында аздап ұлғаяды", - деді Баймағамбетов сенат отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қарау барысында.

Сонымен қатар, айтуынша, банк жүйесіндегі депозиттер қыркүйек айының соңында 21,4 триллион теңгені құрады. Жыл басынан бері депозиттер 12,4 процентке ұлғайған.

Баймағамбетов теңге активтерін қорғау бойынша жедел шаралар нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі тоғыз айдың қорытындысы бойынша 40,9 процентке дейін төмендегінін атап өтті.

21
Кілт сөздер:
кредит, Ұлттық банк