Қоғам

Коронавирус тамақ арқылы қалай жұғуы мүмкін - маман жауабы

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуСалат "Оливье"
Салат Оливье - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуу керек екенін ескертіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Мамандар тағам арқылы коронавирус жұқтыру екіталай екенін айтты. Алайда бұл вирус күнделікті қолданатын өнімдер арқылы мүлдем жұқпайды деген сөз емес, деп хабарлайды Lenta.ru.

Сарапшылар көкөніс пен жеміс-жидек сынды пісірілмейтін дайын өнімдер қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. Мәселен, науқас адам алманың маңында түшкіріп, сіз білмей сол алманы жеп қойсаңыз, вирус жұғуы әбден ықтимал. Алайда бұл өте сирек болатын жағдай екені айтылып отыр.

Мамандар жемістер мен көкөністерді таза сумен мұқият жуу керек екенін ескертеді.

"Қаптамадағы өнімдерге қатысты да дәл осындай кеңес береміз. Өйткені вирус йогурт немесе су құтысында болса, оларды ұстаған адам кейін қолын бетіне тигізуі мүмкін. Ал бұл вирус жұқтыру қаупін арттырады", -дейді сарапшылар.

Олардың айтуынша, коронавирус заттарда ұзақ өмір сүрмейді, тамақта көбеймейді. Мәселен, ет ең қауіпсіз өнім деп танылып отыр. 

Өз денсаулығы үшін аса қатты алаңдайтындарға мамандар өнімдерді қызумен өңдеуден өткізуге кеңес берді. Бұған дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде SARS-вирусы 149 градуста 1-3 минут ішінде жойылатыны белгілі болған. Covid-19-ға қатысты мұндай тест жасалған жоқ. Алайда шамамен осындай көрсеткіш болатыны айтылып отыр.

Жаңалықтар
0