Кіреберіс есік, архивтегі сурет

Бөтен үйге кіріп, ұйықтап қалған: Алматы облысында полиция қызық оқиғаға тап болды

11020
(Жаңартылды 16:15 07.04.2020)
Бөтен үйге кіріп, ұйықтап қалған күдікті айыппұл төлейді немесе екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны өзге біреудің үйіне кіріп, ішімдік ішкен жерде ұйықтап қалған, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, үйіне бөгде адамның кіріп кеткенін айтқан. Полиция сол ауылдың 45 жастағы тұрғынын бөтен біреудің үйінде ұйықтап жатқан жерінен тапты.

Оқи отырыңыз: Полицейге жөтелген ер адамның басы бәлеге қалды

Үй иесінің айтуынша, анасы екінші қабатта тазалық жұмыстарын жүргізіп жүргенде ер адам үйге ашық тұрған есіктен кірген. Ол ұйықтағанға дейін қонақ бөлмені алаңсыз ақтарған көрінеді. Өйткені, сақтаулы тұрған коньяк пен арақ-шарапты және тәттілерді тауып алған соң, сол жерде ішіп-жеп, ұйықтап қалған.

"Полиция қызметкерлері оны оятқан кезде өзінің бөтен үйде қандай мақсатпен жүргенін түсіндіре алмады. Мастығы тарқаған соң оған қылмыстық іс жүргізу кодексінің 156-бабына сәйкес, сотқа келу туралы мiндеттеме тағайындалды", – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 149-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ер адам тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзғаны және заңсыз тінту жүргізгені үшін сотқа шақырылады. Күдіктіге бұл әрекеті үшін айыппұл төлеу немесе екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

11020
Кілт сөздер:
Алматы облысы, полиция
Тақырып бойынша
Қарағандыда мас күйінде ұсталған жүргізуші бес жылға сотталуы мүмкін
Ішімдік ішпеген, ереже бұзбаған адамдар да жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін
Мас әртіс әуежайда ыңғайсыз жағдайға қалды – оқиғаның мән-жайы
Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйелдің төрт баласын алып қойды
Астана LRT бағандары

Сотта LRT құрылысына жауаптылар миллиардтарды қалай жымқырғаны айтылды

2
Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT құрылысына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қылмыстық топтың басшылары іздеуде жүр

Сот алдында жеті адам жауап беріп жатыр. Олар – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рәшид Аманжолов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов.

Ал елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр. Тергеу материалдарына сәйкес, Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен. Осы қылмысқа әкімдіктің басқарма басшылары, сондай-ақ, шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысқан.   

Жалған келісімшарттар жасалған

Бүгінгі процестің басында судья Қажымұқан Мекемтас барлық қатысушының құқықтары мен міндеттерін таныстырды. Ал прокурор Жангелді Есебаев айыптау актісін оқып берді. Оның айтуынша, 2012 жылы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қылмыстық топ құрып, алдымен Талғат Ардан мен Рәшид Аманжоловпен сөз байласқан. Ал Ардан жақын досы Дәурен Әбдіхамитовты топқа қосылуға көндірген. Ал Сұлтанбеков әрқайсының міндетін анықтап берген.   

"Қылмыстық топтың барлық мүшесі бір-бірін тікелей танымаса да, әрбір сыбайласының мақсат-міндетін білген. Бәрі бір нәтиже – бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыруды көздеді, соған жұмыс істеді. Мысалы, Аманжолов мемлекеттік органның басшысы ретінде кедергілерді анықтап, қылмысты жасауға жағдай жасаған. Сол үшін тиісті құжаттарды әзірлеп, қол қойып отырған. Соның ішінде ресми хаттар, артық шығындар туралы жобалық-сметалық құжаттар, техникалық-экономикалық негіздемелер, қаржы есептері және тағысын тағы. Осы құжаттардың негізінде бюджеттен ақша бөлінген", - деді Есебаев.

Ал Дәурен Әбдіхамитовқа қылмыстық жоспарды іске асыруға көмектесетін заңды тұлғаларды іздеу міндеті қойылды. Олар мердігер және қосалқы мердігер қызметін атқарған. "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан болса, техникалық-экономикалық негіздеменің шығындарын артық көрсетіп, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізіп отырған. Конкурстық комиссияға өзі төрағалық еткен. Содан таныс компаниялардың көмегімен бәсекелестіктің бар екенін көрсетіп, қылмыстық топқа тәуелді заңды тұлғаларға конкурс жеңімпазы атануға жағдай жасаған. Артынан олармен келісімшарт жасалып, шын мәнінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтердің актілері рәсімделіпті.

"Осылайша, қылмыстық топтың бақылауында болған ұйымдардың есепшоттарына бюджет қаржысы аударылған. Әбдіхамитов осы ақшаның бір бөлігін қолма-қол шығарып, жалған келісімшарттардың негізінде жымқырып отырған. Сөйтіп, одан кейінгі қаржының талан-таражға салынуына жағдай жасалды", - деп түсіндірді Есебаев.  

Қылмыстық топтың басшысы ауысты

2013 жылы Сұлтанбековтың тапсырмасымен техникалық бақылау және жобалау жұмыстарына француз және испан компаниялары тартылды. Бірақ бірлескен консорциум құру талабы қойылды. Ардан оның мүшелерін өзі таңдады. Шетелдік компаниялардың ішінен сыбайластар та табылды. Олар артық ақшаны қазақстандық компанияларға аударып отыруға көмектескен. Ал отандық кәсіпорындардың құрылтайшылары қылмыстық топ мүшелерінің өздері немесе олардың туыстары болған. Әбдіхамитов әрбір компанияның бас директоры қызметіне өз таныстарын тағайындаған. Олардың ішінде Улугбек Ачилов та бар.   

"Ачилов бұрын Әбдіхамитовтың қол астында жұмыс істеген. Ол - бухгалтерлік есептің шебері. Әбдіхамитов осыны біліп, бұрынғы әріптесін қылмыстық топқа тартқан. Ачилов консорциумның атынан орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып отырған. Ал бюджет қаражатын алғаннан кейін жалған келісімшарттар арқылы қолды қылған", - дейді Есебаев.

2014 жылдың соңында Қанат Сұлтанбеков өз еркімен жұмыстан кетті. Алайда қылмыстық топтың әрекеті тоқтаған жоқ. Талғат Ардан басқаруды өз қолына алды. 2015-2016 жылдары оның басшылығымен бюджет қаражатын жымқыру жалғаса берді. Ал 2017 жылы шілде айында Арданның өкілеттілігі тоқтатылды. Сол кезде ғана қылмыстық топ тарқап кетті.

"Сұлтанбеков әкім орынбасары қызметінен кеткеннен кейін "Қазақстан инжиниринг" АҚ-ға барды. Сол жерде 2015-2016 жылдары тауарлар мен қызметтерді жеткізуші компаниялардан тұрақты түрде пара алып отырған. Заңсыз ақша әкелгендердің ішінде өзі құрған қылмыстық топтың өкілдері де болды. 2017 жылы ақпан айында Сұлтанбеков қамауға алынды", - деп атап өтті Есебаев.

Бүгінде қылмыстық топ мүшелері 5,8 миллиард теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Атышулы LRT

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.

LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті осы жобаның өзін ақтамайтынын мәлімдеді. 

Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен LRT-ның міндетте түрде аяқталатынын айтты. Қазіргі кезде жергілікті билік инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр.

2
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, Astana LRT
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары қашып жүр
Қаржы министрі "ЛРТ" құрылысына қосымша қаржы қайдан тартылатынын айтты
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады?
Тоқаевтың тапсырмасы: Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы қашан аяқталады
Полицейский в маске на блокпосту в снегопад, архивное фото

Қазақстанның бір облысында блок бекеттер қойылады

10
(Жаңартылды 14:26 29.10.2020)
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында жүз отыз тоғыз адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты қарашадан бастап блокбекет қойылып, шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ШҚО тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаевтың үндеуін жариялады.

"Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, бір тәулік ішінде өңірде коронавирус жұқтырған 139 науқас тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр", - деді ол.

Айтуынша, облыста эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтамауы, сондай-ақ, шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар және жүк ағыны себеп болып отыр.

"Осыған байланысты үкіметтің келісімімен 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында блокбекеттерді енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халық үшін шектеу шаралары енгізіледі", - деді Тұңғышбаев.

Ол өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайтын жеткізді.

Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Тұңғышбаев бизнесті карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға уәде берді.

Жаңа қаулы жуырда жарияланады.

10