Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото

Маған пейілі кең, бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды Елбасы

423
(Жаңартылды 10:36 08.04.2020)
Нұрсұлтан Назарбаев қиын-қыстау күндерде сенім артып, ұдайы күш-қуат берген туған халқына мың да бір алғыс білдірді 

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Маған небір қиын-қыстау күндерде ешқашан намысын бермеген, қашанда бірлігі бекем, пейілі кең, құшағы ашық, бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды. Сондықтан қазіргідей алабұртпа көңіл жағдайында дана да дарқан халқыма – баршаңызға зор ризашылыққа толы осы сөздерімді жолдадым", - дейді Назарбаев өз үндеуінде.  

Елбасы тәуелсіздік жылдары халықтың сан алуан қиындық пен дағдарысты бастан өткергенін де еске алды.

"Соның бәрінде мен анық жағдайды, түйткілді проблемаларды ашық түрде алдарыңызға жайып салып отырдым. Сіздер маған үнемі сенім арттыңыздар, мен туған халқымның сол сенімінен ұдайы күш-қуат алдым. Сол үшін сіздерге тағы мың да бір алғысымды білдіремін", - деп атап көрсетті тұңғыш президент.

Оның айтуынша, мемлекет осы қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады.

Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты 

"Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды Мәңгілік ел болуға лайықты ете аламыз", - деді Назарбаев.

423
Кілт сөздер:
халық, Назарбаев
Тақырып бойынша
Елбасы халықты арзан әңгімелерден аулақ болуға шақырды
Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат шықты
Назарбаев облыс әкімдерімен не жайлы сөйлескені белгілі болды
"Қиын болады": Елбасы коронавирустың салдары қашан сезілетінін айтты – видео
Назарбаев отызға толатын жастарға үндеу жолдады
Қандастар, архивтегі сурет

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1
1991 жылдан бері елге 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралды. Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. 2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларға қандас мәртебесі берілді (бұған дейін оралман - Sputnik).

1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам Қазақстанға оралды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан, 27,7%-і – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар, негізінен, Алматы және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.

Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті. 10,3%-і зейнеткерлер.

Еске сала кетсек, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. Сондай-ақ, "оралман" сөзінің орнына қандас термині қолданылады.

1
Бұл өтірік емес: Бүркіт Боратқа нағыз Қазақстанды көрсетпек

"Бұл өтірік емес": Бүркіт "Боратқа" нағыз Қазақстанды көрсетпек

344
(Жаңартылды 11:40 26.10.2020)
23 қазанда бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдында жиналды. Олар "Борат" фильмінің екінші бөлімін көрсетуге тыйым салуды талап етіп, петиция ұсынды

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Ел арасында Бүркіт ретінде танымал қазақстандық әнші Айбек Жансейітов атышулы кейіпкер Борат туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Өкінішке қарай, кинотеатрлар әлі ашылған жоқ. Сол себепті көрерменге "Супер агенттер" фильмін көрсете алмаймыз. Алайда біздің команда бір орнында тұрмайды. "Супер агенттер - 2" сериалына кірісеміз", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от B E R K U 🦅 (@berkut_aibekjan)

Бүркіттің айтуынша, бұл фильмде Боратты ұстау операциясы көрсетіледі.

"Бұл өтірік немесе вайн емес, бұл – нақты жоба. Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар. Біз Боратты ұстағаннан кейін оған нағыз Қазақстанды көрсеткіміз келеді", - деп жазды Жансейітов.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігінен кинотеатрларды ашуды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Жансейітов бірнеше фильм түсірген еді. Алайда карантинге байланысты кейінгі фильмі кинотеатрда көрсетілген жоқ.

Ал 23 қазанда бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығына "Борат" фильмінің екінші бөлімі шығуына байланысты жиналды. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петиция ұсынды. Петицияға 50 адам қол қойған.

Казахстанская молодежь пришла к генконсульству США с требованием запретить фильм Борат-2
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдында жиналды

Біраз уақыт өткен соң АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер азаматтардың өз ойын бейбіт түрде білдіргенін қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Америка құрама штаттары үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, түсіруге немесе шығуына қатыспағанын мәлімдеді.

"Борат" фильмі

Еске сала кетсек, "журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар кеткенімен, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тауып, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильмді түсіргендерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімде де ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Борат тағы да АҚШ-қа барады. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейді.

344
Кілт сөздер:
фильм, Қазақстан, Борат, Бүркіт пен Аиша
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
"Көрсетуге болмайды": "Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ бас консулдығына барды
"Борат-2" фильміне қарсы петиция: АҚШ-тың Бас консулы жауап берді
"Борат-2": министр қандай шара қолға алынатынын айтты
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді