Қоғам

Министр Маминге вирус жұқтырған науқастардың жағдайын баяндады

© AP Photo / Luca BrunoБольной коронавирусом в больнице общается с медицинским роботом
Больной коронавирусом в больнице общается с медицинским роботом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жансақтау бөлімінде он алты адам емделіп шыққан. Соңғы тәулікте үш адам реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Індетке шалдыққан 18 науқас ауыр хәлде жатыр, 8 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қазір 939 науқас стационарда жатыр, олардың ішінде 57 бала бар.

"82  процентінің жағдайы тұрақты, 770 науқас жеңіл жағдайда, 151 адамның хәлі орташа, 18 науқас ауыр жағдайда жатыр. Сегіз адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", -деді Біртанов үкімет отырысында.

Жансақтау бөлімінде он алты адам емделіп шыққан. Соңғы тәулікте үш адам реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда бірден жүзге тарта адамнан коронавирус табылды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1091 адамға жетті. Антирекордты Алматы қаласы – 271, Нұр-Сұлтан қаласы – 260 және Қызылорда облысы – 119 бастап тұр.

138 адам жазылып шықты. 

Жаңалықтар
0