Қоғам

Төтенше жағдай кезінде марқұмның қырқы мен жылын беруге бола ма – Бас мүфтидің жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевПустые улицы Нур-Султана днем
Пустые улицы Нур-Султана днем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды, қалалар мен облыстарда карантин жарияланған

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде қайтыс болған адамның жетісін, қырқы мен жылын беру секілді рәсімдерді кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері төтенше жағдай кезінде адам қайтыс болған соң орындалатын жол-жоралғылар туралы сұрады.

"Біздің елде адам қайтыс болғаннан кейін жетісін, қырқын, жылын беру деген дәстүр бар. Бұл шариғаттың міндетті құлшығылы емес, бұл сауапты істер. Шариғатымызда төтенше жағдай кезінде мұндай шараларды кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Яғни, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, Алла қаласа, қырқын немесе басқа асты беруге болады", - деді бас мүфти онлайн брифингте.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды.

Республиканың ірі қалалары мен облыстарында карантин жарияланған.

Оқи отырыңыз: Бас мүфти кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етілетінін айтты

Жаңалықтар
0