Қоғам

"Жалақыңыздың 1%-і ұсталады": тұрғындарға келіп жатқан СМС түсіндірілді

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Birgemiz қоғамдық қорының басшысы бюджеттік ұйым қызметкерлерінен ақша алынбайтынын жеткізді. Қор мұндай хабарлама таратпаған

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір - Sputnik. Birgemiz қоры мемлекеттік қызметшілердің жалақысынан ақша ұсталады деген қауесетті жоққа шығарды. 

Журналист Жамиля Маричева өзіне қорға жалақыдан ақша алынады деген хабарлама келгенін айтты.

"#bizbirgemiz компаниясы аясында жалақыңыздың 1%-і ұсталады", - деп жазылған хабарламада. Белгісіз сайтқа сілтеме жасалған. 

Birgemiz қоғамдық қорында бюджеттік ұйым қызметкерлерінің ақшасы алынады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Біз мұндай хабарлама таратқан жоқпыз", - делінген қордың ресми мәлімдемесінде.

Birgemiz қорының төрағасы Руслан Сәкеевтің айтуынша, бюджеттік ұйым қызметкерлерінен ақша алу қор жұмысының мақсатына қарама-қайшы. Өйткені адам бұл қорға қаражатты өз еркімен беруі тиіс.

Тағы оқыңыз: "Мамырдан бастаймыз": Назарбаев Байбекке тапсырма берді

Еске сала кетсек, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі бар қазақстандықтарды қиын кезеңде мемлекетке қолдау көрсетуге шақырған болатын.

Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып ірі бизнесмендер қолдады.

Жаңалықтар
0