Қоғам

Еңбек министрлігі 42 500 теңгені қайтаруға қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, монеты в ладонях
Деньги, монеты в ладонях - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министрдің айтуынша, әлеуметтік төлемді тек табысынан айырылғандар ғана алуы тиіс, ал заңсыз алғандар ақшаны қайтара алады

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені қайтару мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Вице-министр Нариман Мұқышевтің айтуынша, бүгінде халық тарапынан 42 500 теңгені қайтаруға қатысты сұрақтар көптеп түсіп жатыр. Біреулер ол ақшаны қайтармауға бола ма деп сұраса, енді біреулер аз ақшаға соншалықты қатаң бақылаудың болғанын түсінбей отыр.

"Осы орайда маңызды бір мәселені атап өткіп келеді. Статистикаға сәйкес, 3,3 миллион адамға 42 500 теңгені тағайындау туралы шешім шығарылды. Ол аз ақша емес. Бар болғаны 20 күннің ішінде біраз шаруа атқарылды. Енді, бұл ақшаны төтенше жағдай кезінде, шынымен де, табысынан айырылған адамдар ғана алуы тиіс", - деп жазды Мұқышев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшіп, табысынан айырылмаса да, 42 500-ге өтінім беріп, әлеуметтік төлемді алып жатқандар бар. Біреулер ақша түсе ме, жоқ па, соны тексергіміз келді дейді. Басқалары қосымша табыс алуды көздеген.        

"Төтенше жағдай болғаннан кейін біз барлық құжатты сұрамаймыз. Өтінім барынша жеңіл формада беріледі. Біз бәрін автоматты түрде тексеріп, шешім шығарамыз. Болды. Бірақ жалған мәліметтер үшін барлық жауапкершілік өтінімді берген адамға жүктеледі. Демек, табысынан айырылмаған адамдар жауапкершіліктің бар екенін ескеруі керек. Алайда осы санатағы азаматтар төлемнен бас тартса, жауапқа тартылмайды", - деп атап көрсетті Мұқышев.

Сөз соңында вице-министр төтенше жағдайға дейін жұмыс істеген, бірақ салық төлемеген азаматтарды да еске алды. Егер ондай жұмысшылар бір рет болса да, бірыңғай жиынтық төлемін аударса, 42 500 теңгені алуға құқысы бар.

Ақшаны қалай қайтаруға болады

Егер өтініш беруші әлеуметтік төлемді қайтаруға шешім қабылдаса, онда ақшаны келесі шотқа жіберуге болады:

Алушының атауы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

БСН: 160440007161

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ67009SS00368609110

ТТК: 049

Бұдан бөлек, Халық банк пен Каспи банктің ұялы қосымшасында "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені қайтаруға болады.

Жаңалықтар
0