Қоғам

Елжан Біртановтың орнына Болат Жәмішев келді

© Sputnik / Тимур БатыршинПрезидент Федерации конькобежного спорта Казахстана, член попечительского совета Фонда Дениса Тена Болат Жамишев
Президент Федерации конькобежного спорта Казахстана, член попечительского совета Фонда Дениса Тена Болат Жамишев   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәмішевтің жаңа қызметтегі жалақысы 200 мың теңгеден аспайды. Осы ақшадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Болат Жәмішев әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, Болат Бидахметұлының жаңа қызметтегі жалақысы 200 мың теңгеден аспайды. Осы ақшадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталады.   

"17 сәуірде өткен директорлар кеңесінің отырысында белгілі экономист Болат Жәмішев қордың төрағасы болып сайланды. Бұған дейін бұл лауазымды Елжан Біртанов атқарған. Денсаулық сақтау министрі қордың директорлар кеңесінің құрамында қалады", - делінген ресми хабарламада.  

Сондай-ақ, директорлар кеңесінің құрамында басқа да өзгерістер болды. Атап айтқанда, экономист Жақсыбек Күлекеев пен "Атамекен" ҰҚП басқарма төрағасының орынбасары, қаржыгер Юлия Якупбаева қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды.

Оқи отырыңыз: Қарин неліктен Әбдіқалықованың әкім болып тағайындалғанын түсіндірді

Осылайша, қазіргі уақытта ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына басқарма төрағасы Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар – Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Күлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелері – Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді.

Болат Жәмішевтің өмірбаяны

Болат Бидахметұлы Жәмішев 1957 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Одан кейін агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру мен экономика институтының аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.  

1974 жылы – Қазақ ғылыми-зерттеу институтының бас зертханашысы;

1981-1984 жылдары – "Балтабайский" совхозының экономисі;

1987-1992 жылдары – ғылыми қызметкер, агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру және экономика ғылыми-зерттеу инситутының ғылыми хатшысы;

1992-1993 жылдары  – Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары;

1993 жылы Ұлттық банкте мемлекеттік қызметті бастады. Алғашқы лауазымы – зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары; 

1997 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұлттық зейнетақы агенттігінің директоры қызметіне тағайындалды;

1997-1999 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

1999-2001 жылдары, сондай-ақ, 2002-2003 жылдары – қаржы вице-министрі және бірінші вице-министр болды;

2001-2002 жылдары ішкі істер вице-министрі;

2003-2004 жылдары – Ұлттық банк төрағасының орынбасары;

2004-2006 жылдары – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінің төрағасы;  

2006-2007 жылдары – Еуразия даму банкі басқарма төрағасының орынбасары;

2007-2013 жылдары – қаржы министрі;

2013 жылдың қараша айынан бастап 2014 жылдың тамызына дейін – өңірлік даму министрі;  

2014-2019 жылдары – "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы.

Жаңалықтар
0