Дәрігер коронавирусқа тест тапсырғалы жатқан пациенттің мәліметтерін жазып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер зейнетақы жарнасы мен салықтан босатылды

1985
Індетпен күреске тартылған ақхалатты жандар міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдерді аудармайды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Осы жылдың 1 наурызынан бастап коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлері салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды. Шешім үкіметтің 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес қабылданды", -делінген хабарламада.

Атап айтсақ, олар:

  • төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан;
  • әлеуметтік салықтан;
  • міндетті зейнетақы жарнасынан;
  • әлеуметтік аударымдардан;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасынан босатылды.

Бұған дейін індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге үстемеақы бекітілді. Қосымша ақы үш ай бойы төленеді.

Үстемеақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімі:

"Қауіптілігі аса жоғары" — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы - 850 мың теңге;

Тағы оқыңыз: Вице-министр 42 500 теңгені кімдер екінші рет алмайтынын айтты

"Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Оларға 425 мың теңге төленеді;

"Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемеақы 212,5 мың теңге шамасында.

Бұдан бөлек, медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге төленеді. Егер қайтыс болса, 10 миллион теңге өтемақы қарастырылған.

1985
Кілт сөздер:
коронавирус, зейнетақы, салық, дәрігерлер
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1655)
Тақырып бойынша
COVID-19: елде 370 медицина қызметкері вирус жұқтырды
Министр кімдер 1 қазанға дейін салық төлемейтінін айтты
Тоқаев тапсырмасы: қазақстандықтардың кредит және салық төлемі кейінге шегеріледі
Алматыда тағы 17 медицина қызметкері індетке шалдықты
Салық декларациясын тапсыру мерзімі ұзартылды
Қазақстанда "салық демалысы" ұзартыла ма
Микроскоппен қараған кездегі коронавирус

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

365
Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді

АЛМАТЫ, 25 қазан — Sputnik. Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

365
Кілт сөздер:
видео, ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1655)
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Волейболшы Сәбина Алтынбекова

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді

2852
(Жаңартылды 15:11 25.10.2020)
Бұған дейін Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова ММА файтері Қуат Хамитовтың өзін әйелі ретінде көргісі келетіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуат Хамитов қатысқан бағдарлама сілтемесін репост жасап, "Бұл қандай қойылым?" деп жазған. Кейіннен жазылушылар сұрағына жауап берген Алтынбекова былай деп пікір білдірді.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттық мақсаттарына қолжеткізетініне күмәнім жоқ", – деп жазды әйгілі волейболшы.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының қонағы болып, жеке өмірі жайлы жүргізушілер сұрақтарына жауап берген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

  "Мен әйелімнің ұзын бойлы, тәрбиелі, қарапайым және пәк болғанын қалаймын. Ол мені біледі және өзі де спортшы. Волейболмен айналысады. Оның аты-жөні – Сабина Алтынбекова. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін көп күш жұмсауым керек шығар. Достарым кейде: егер үйленсеңдер, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты боласыңдар деп әзілдеп жатады", – дейді Хамитов.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

2852
Кілт сөздер:
спортшылар, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты