Көлік салоны

Енді қазақстандықтар су жаңа көлігін онлайн тіркей алады

492
(Жаңартылды 19:33 24.04.2020)
Карантиннің электронды үкімет жүйесіне серпін бергені айтылып отыр. Мемлекеттік ІТ компаниялар осы уақыт ішінде бұған дейін қолжетімсіз болған бірқатар сервисті іске қосты

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Еgov.kz порталында автосалоннан сатып алынған көлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды. Екі күн ішінде қазақстандықтар 28 жаңа автокөлікті онлайн тіркеп үлгерген. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол карантин кезінде азаматтарға ыңғайлы болу үшін іске қосылған сервистерге тоқталды. Соның бірі автосалоннан сатып алған көлікті онлайн тіркеу. 

"Бұрын азаматтар автосалоннан алған жаңа көлігін тек халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркей алатын. Екі-үш күн бұрын egov.kz порталында онлайн тіркеу қызметін іске қостық. Толық емес екі күн ішінде қазақстандықтар 28 көлікті портал арқылы рәсімдеген", - деді Жұманбай Sputnik Қазақстанның Instagram парақшасындағы тікелей эфирде.

Ол мінілген көлікті egov.kz арқылы тіркеу екі жыл бұрын іске қосылғанын атап өтті. 

"Карантин, жалпы, электронды үкімет жүйесіне серпін берді десем де болады. Біздің әріптестер, қазақстандық мемлекеттік ІТ компаниялар осы уақыт ішінде бұған дейін қолжетімсіз болған көп сервисті іске қосты. Мәселен, электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн алу мүмкіндігі пайда болды. Бұрын оны халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ғана алуға болатын", - деді ол. 

Айта кетсек, елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Кейін президент жарлығымен режим мерзімі 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін ұзартылды.

492
Кілт сөздер:
карантин, онлайн тіркелу, көлік
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (665)
Тақырып бойынша
Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?
Мүфтият пітір садақаны онлайн аудару туралы ақпарат берді
Рамазан айында әрбір 15 минут сайын онлайн режимде дұға оқылады
Жаңа жоба: театрлардың үздік қойылымдары онлайн көрсетіледі
Қазақстанда карантин кезінде қанша ерлі-зайыпты ажырасуға өтініш берді 
Қорғаныш құралдарын киген қызметкерлер

Министр Ресеймен арадағы шекарада бақылау бекеттерін қоюды ұсынды

20
Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров республика бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары мен зиянды организмдерінің таралуына қарсы бірнеше шараны ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы мақсатта министр үкіметтен қыруар қаржы сұрады. Оған ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланған.

"Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінуін сұраймыз. Сондай-ақ, әкелініп жатқан өнімге жедел ден қою және тиімді бақылау мен қадағалау мақсатында Ресей Федерациясы сияқты шекаралық бекеттердің тура маңынан ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруды ұсынамыз", – деп атап көрсетті Омаров.

Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен. Инспекторлар белгілі бір нысанға барып тұрып, тексеріс жасай алмайды.

"Осыған байланысты нысандарға барып жасалатын тексерістерді, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттағы ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау түрлерін мораторийден шығаруды ұсынамыз", – деді Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы: қырылған құстың саны миллионға жақындады

Бұдан бөлек, бүгінде жедел карантин енгізуге және инфекция ошағын жабуға біраз уақыт кетеді. Себебі әкімдердің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу үшін 5-15 күндей күту керек. Ал ол уақыттың ішінде инфекция басқа жерге таралып кетуі әбден мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеу шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет деп санайды.

20
Кілт сөздер:
мораторий, Ауыл шаруашылығы министрлігі
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда 256 мың құстың қырылуына тұмаудың қатысы жоқ болып шықты
Қостанай облысында карантин күшейтілді
Базардағы құс өнімдерін тұтыну қауіпті ме – министрлік өкілдері жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады
үкімет отырысы

Коронавирустың екінші толқыны: Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

1191
(Жаңартылды 10:29 20.10.2020)
Барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 13 миллиард теңгеге сақтандыру қоры құрылды, деді үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық бойынша министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет коронавирустық инфекцияның жаңа кезеңіне дайындық аясында медицина ұйымдарын және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағынан барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Биыл міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде тегін дәрілік заттарының тізбесі үш есе немесе 45-тен 137 дәрі-дәрмек түріне дейін ұлғайтылды. Оған қоса, тамыз айынан бастап азаматтарға коронавирустан емделу үшін дәрінің бес түрі тегін беріледі", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде жеке қорғаныс құралдары мен стационарларға арналған 91 дәрі-дәрмектен тұратын екі айлық республикалық қор жасақталды. Ал дәріханаларда препараттардың тапшылығына жол бермеу мақсатында "СК-Фармация" компаниясы бөлшек сауда желісін толықтыру үшін аса қажетті 33 препаратты сатып алып жатыр.

"Дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін көлемі 13 миллиард теңгеден асатын сақтандыру қоры құрылды", - деп атап көрсетті Мамин.

Осы орайда үкімет басшысы министрлікке және әкімдіктерге қадағалау шараларын жүргізуді тапсырды.

"Дәрі-дәрмек тапшылығы болмауы тиіс. Ал индустрия министрлігі отандық фармацевтика өндірушілерімен қорғаныс құралдары мен медициналық маскалардың өндірісін көбейтуді қамтамасыз етсін. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігіне келесі жылға дәрілік заттарды уақытылы сатып алуды және жеткізуді тапсырамын", - деді Мамин.

1191
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, коронавирус