Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Министр "халық аштан өледі" деген әншіге 42 500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды

15868
(Жаңартылды 09:11 25.04.2020)
Райымқұлованың әлеуметтік төлем туралы сөз қозғауына әнші Бүркіттің әлеуметтік желідегі үндеуі себеп болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "адамдар аштан өледі" деп әлеуметтік желіні шулатқан әнші Бүркітке 42 500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды.

"Қиындық тууына байланысты, мемлекет жеңілдіктер ұсынып отыр. Сондықтан мәдениет, архив, туризм салаларындағы біздің әртістеріміз өздерінің күнделікті табысынан айырылып жатса, мемлекеттің ұсынып отырған әртүрлі көмегін олардың да алуға құқы бар", - дейді министр.  

Райымқұлованың әлеуметтік төлем туралы сөз қозғауына әнші Бүркіттің әлеуметтік желідегі үндеуі себеп, деп хабарлады КТК.

"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады 

Онда шоу-бизнес жұлдызы президенттен карантин тәртібін жеңілдетуді сұраған.

"Егер жеңілдетпесе, бұқара індеттен емес, аштан өледі" деген еді ол. Министрдің айтуынша, әзірге ешбір әнші, әртіс немесе басқа да өнер адамдары 42 500 теңгеге құжат тапсырмапты.

 

15868
Кілт сөздер:
аштық, жәрдемақы, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (678)
Тақырып бойынша
42 500 теңге бір айға жете ме? Нұр-Сұлтан тұрғындары жауап берді - видео
Мәдени іс-шаралар тоқтатылды, ал қаржы қалай игерілуде – министр жауап берді
Екі жүз отыз үш мың астаналықтың 42 500 теңгеге өтініші мақұлданбаған
Тоқаев карантин жайлы: халық біртіндеп үйінен шығуы керек
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Елжан Біртанов

Экс-министр Біртанов ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

1022
(Жаңартылды 13:12 31.10.2020)
Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде Біртановты 30 қазанда Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитеті тергеу департаментінің қызметкерлері ұстады деген мәлімет пайда болды. Оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ. 

"Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеуге қатысты ақпарат 201-бапқа сәйкес жарияланбайтынын хабарлайды. Кейін ақпарат беретін боламыз", - деді комитеттің баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Желідегі ақпарат бойынша экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған. 

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

1022
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау министрлігі, тергеу, Елжан Біртанов
Тақырып бойынша
Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты 
"Үлкен қауіп бар": Біртанов коронавирус ауылдарға жеткенін айтты
"Бұл төтенше жағдай": Министр Біртанов неге алаңдап отырғанын айтты
Ауруханада жатқан министр Біртанов желіде дәрігерлер туралы жазба жариялады
Денсаулық министрі Біртанов қызметінен босатылды
Коронавирус сынамасы

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

51
(Жаңартылды 14:14 31.10.2020)
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың дені Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Павлодар облысында дертке шалдыққандар көп

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қызылорда облысында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 31
  • Алматы қаласы - 21
  • Шымкент қаласы - 6
  • Ақмола облысы - 39
  • Ақтөбе облысы - 6
  • Алматы облысы - 14
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 233
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 13
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 12
  • Маңғыстау облысы - 6
  • Павлодар облысы - 25
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 21
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111 953. 

 

51
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Қар, архивтегі сурет

Қазақстанда 1 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

8
(Жаңартылды 14:55 31.10.2020)
Sputnik Қазақстан 1 -14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 - "Астана Операда" "l`esprit du vents" камералық музыка кеші.  Дамиля Махпірова, Әсет Нелдібаев, Гүлжанат Жанатаева өнер көрсетеді (Қонаев көшесі, 1).

Алматы

11.00 – "Алмакон" халықаралық комикстер фестивалі. Бәрібаев көшесі, 36. Байланыс телефоны: +7 (771) 462-85-52).

2 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің "Ауылым – алтын бесігім" онлайн-концерті (@astana_philharmonic Instagram парақшасында).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

8
Кілт сөздер:
қараша, Қазақстан