Әйелдер түзеу колониясы, архивтегі сурет

Қазақстанда әйелдер түрмесінен коронавирус табылды

845
Сотталған жүкті әйел Іле ауданындағы Орталық аудандық ауруханада екі рет тексерілген, кейін бұл мекеме карантинге жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Жауғашты кентіндегі әйелдер түрмесінде сотталғандардың бірінен коронавирус табылды. Әйелдің аяғы ауыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол босануға дайындалуына байланысты бұған дейін Іле ауданының Орталық аудандық ауруханасына екі рет қаралған. Кейінірек медициналық мекемедегі пациенттердің індетке шалдыққаны анықталып, аурухана карантинге жабылды, деп мәлімдеді қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Инфекция анықталғанға дейін жүкті әйел түрменің медициналық бөлімінде емделіп жатқан сотталғандардан оқшау жатқан.

Әйелде коронавирустың айқын белгілері болмаған. Десе де, аудандық аурухана карантинге жабылғаннан кейін, ол колония аумағындағы медициналық бөлімнің жеке палатасында қаралды.

Тағы оқыңыз: Таразда әскери бөлім карантинге жабылды

Кейінірек ол перзентханаға жату үшін тағы тексерістен өтті. Анализ коронавирус барын көрсеткен. Осыдан кейін науқас жедел жәрдеммен бірден ауруханаға жеткізілді.

Әйелмен байланыста болған сотталушылар инфекциялық изоляторға ауыстырылды, олардан анализ алынды. Сондай-ақ, қазіргі таңда мекеменің барлық қызметкері мен жазасын өтеп жатқандар вирусқа тексеріліп жатыр.

"Мекемеде санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтілді, медицина персоналы обсервациялық шаралар жүргізіп жатыр. Инфекциялық изоляторда вирусқа қарсы және емдік препараттар жеткілікті", - деді комитеттен.

Іле ауданы бас санитар дәрігердің қаулысымен мекемеде шаруашылық, өзге де қызмет және халық өмірінің ерекше шарттарымен карантин режимі енгізілді. Жеке құрам казармалық жағдайға көшті, оларға мекеме аумағынан шығуға тыйым салынды.

845
Кілт сөздер:
жүкті әйел, түрме, коронавирус, карантин, Алматы облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1638)
Тақырып бойынша
Арқалықта зейнеткердің коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған күні анықталды
Коронавирус індетін жұқтырып алудың ең ықтимал жолы анықталды
Қазақстанда екі адам абақтыда коронавирус жұқтырған
Алматыда 54 шекарашы курсант коронавирус жұқтырды
Қостанай облысында полицей көршісінен коронавирус жұқтырып алды  
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Кресло ұстап тұрған ер адам, иллюстративті фото

Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады

69
Жаңа лауазымға тағайындалған үш шенеуніктің екеуі қайта құрылымдаудан өткен ведомствода қызмет еткен

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Президент өкімімен Рустам Ахметов бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Марат Омаров пен Болат Сәмбетов Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын болады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Болат Сәмбетов бұған дейін ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.

Рустам Ахметов кім?

Рустам Нұрланұлы Ахметов 1978 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын мемлекеттік кірістер министрлігінің кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2001 жылы Қазақстан Республикасы президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға референті қызметіне қабылданды.

Әр жылдары президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі, заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2011 жылы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың сәуір айы аралығында ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды.

2017 жылы ұлттық экономика министрлігінің табиғи ресурстарды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2019 жылы ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болды.

Марат Омаров жайлы не білеміз

Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы дүниеге келген. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Лондон қаласында "Digiet Limited" IT компаниясында бизнес-сарапшы болып бастаған.

2010-2012 жылдары "Digiet Limited" IT компаниясының коммерциялық директоры болды.

2012-2014 жылдары экономикалық даму және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры болған.

2017 жылы технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басшысы болып тағайындалды.

2019 жылы "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Жаңа агенттік туралы

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында бәсекелестікті қорғау мен дамыту бойынша мықты және тәуелсіз орган қажет екенін мәлімдеді. Ол президентке тікелей есеп беретін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті

Жаңа ведомствоны бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министрі) болып қызмет еткен Серік Жұманғарин басқарады.

69
Кілт сөздер:
Ақорда, шенеуніктер, лауазым
Тақырып бойынша
Қазақстанда екі облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның төтенше жағдайлар вице-министрлері тағайындалды
Қазақстанның бұрынғы бас санитар дәрігері жаңа қызметке тағайындалды
Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды
Портфель ұстаған ер адам

Екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

168
Әнуар Ахметжанов жауапты хатшы лауазымында 1 жыл 6 ай отырса, Әсем Нүсіпова бұл қызметті 2,5 айдан астам уақыт қана атқарды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен екі министрліктің жауапты хатшысы қызметінен бостатылды, деп хабарлады Ақорда.

"Әнуар Ахметжанов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен, Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әнуар Ахметжанов бұл қызметке 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Ал Әсем Нүсіпова министрліктің жауапты хатшы қызметіне 2020 жылдың 30 шілдесінде кіріскен.

Оқи отырыңыз: Министрліктерде жауапты хатшылар болмайды – Тоқаев тапсырма берді

168
Кілт сөздер:
Ақорда, лауазым
Тақырып бойынша
Алматыда ағаштарды кесуге рұқсат берген шенеунік қызметтен кетті
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
Министр Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды
Алматы метрополитенінің директоры қызметтен кетті
Қазнетті шулатқан сарысулық полиция бастығы қызметінен босатылды