Қоғам

Балаларды далаға шығарудың ережесі жарияланды

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Санитарная обработка во дворах в Алматы
Санитарная обработка во дворах в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аулаға шыққан адамдардың далада жүру уақыты шектеулі әрі медициналық бетперде мен қолғап киіп жүруі шарт

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин кезінде балаларды аулаға шығару тәртібін түсіндірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Аулада отбасы мүшелерін санамағанда үш адамнан артық жиналуға болмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға жалғыз жүруге рұқсат жоқ. Жанында ата-ананың біреуі немесе 18 жастан асқан туысқаны жүруі тиіс", – деді Мәкен бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, аулада жүрген адамдар медициналық бетперде мен қолғап киіп жүруі шарт. Сондай-ақ, өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.

"Аулаға шыққан адамдар үйдің жанында ғана жүруі тиіс. Далада жүру уақыты да шектеулі. Атап айтқанда, сағат 06:00-ден бастап 20:00-ге дейін. Ал егде жастағы, соның ішінде 60 жастан асқан және созылмалы ауруы бар азаматтарға себепсіз далаға шықпауға кеңес береміз. Өйткені олардың COVID-19 вирусын жұқтыру қаупі жоғары", – деп атап көрсетті Мәкен.

Оқи отырыңыз: Аулада қараусыз жүрген балалар үшін айыппұл салынады

Жаңалықтар
0