Қоғам

Нұр-Сұлтанда гипермаркет қызметкерінен коронавирус табылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуӘйел азық-түліктің бағасын қарап тұр
Әйел азық-түліктің бағасын қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ірі супермаркет толығымен дезинфекциядан өтіп, қайта ашылды. Вирус жұқтырған әйелмен байланыста болғандар үй карантиніне алынды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Елордада "Метро" гипермаркетінің қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дүкен толығымен дезинфекциядан өтіп, басқа командамен қайта ашылды.

COVID-19 диагнозы өткен сенбі, 25 сәуірде расталған. Жедел жәрдем пациентті үйден инфекциялық ауруханаға жеткізді.

"Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты. 26 сәуірде компания басшылығының шешімімен сауда орталығы жабылды. Сертификатталған компания нысанда толығымен дезинфекция жүргізді",- деп мәлімдеді "МЕТРО Кэш энд Керри" ЖШС-дан.

Гипермаркет келесі күні басқа командамен қайта ашылған.

Компания елде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап жұмысшыларын А және Б топтарына бөліп, "екі күн істеп, екі күн демалатын" жұмыс кестесін бекітті.

Коронавирус жұқтырған қызметкер А тобына жатады. Сол себепті 26 сәуірде осы топтағы барлық 70 қызметкер үй карантиніне алынды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 мыңға жуықтады

"Жақын арада науқаспен байланыста болған барлық қызметкер компания есебінен коронавирусқа тест тапсырады. Елордада сауда орталығының жұмыс сағатын 11.00-ден 19.00-ге дейін бекіту туралы шешім қабылданды", - деді Қазақстандағы "МЕТРО Кэш энд Керри" ЖШС бас директоры Антон Ван Горп.

Еске сала кетсек, астанада карантинге байланысты сауда орталықтарында тек супермаркеттер мен дәріханалар жұмыс істейді.

Қазақстанда 16 наурыздан төтенше жағдай жарияланды, режим 11 мамырға дейін ұзартылды.

Жаңалықтар
0