Қоғам

Нұр-Сұлтан әуежайы жаңа ереже жариялады - рейске кімдер кірмеуі мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевМеждународный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане
Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ережені жолаушылармен қатар шығарып салуға келетін адамдар да сақтауы тиіс екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Қазақстан астанасының халықаралық әуежайы жолаушылардың рейске өту ережесін жариялады.

  • Енді Т2 терминалына вокзал маңы алаңынан кіру керек. Терминалға COVID-19 жұқтырмағанын растайтын анықтамасы (берілген күннен бастап 7 күн жарамды) бар жолаушылар ғана өте алады;
  • шығарып салуға келген адамдарға терминалға кіруге тыйым салынды;
  • анықтама мен дене қызуы терминалға кірер кезде тексеріледі;
  • терминалда жолаушылар бетперде және қолғаппен жүруі тиіс;
  • қолға дезинфекция жасау үшін терминалда санитайзерлер орнатылған;
  • рейске тіркеуден өту және тексеру кезінде адамдардан 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау керек, арнайы белгілер қойылған;

  • рейске балаларын шығарып салушы ата-аналарда да коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама болуы шарт. Құжат болмаса, баланы кіреберісте әуе компаниясының өкілі қарсы алып, тіркеуге апарады;

  • мүмкіндігі шектеулі жандарды тіркеуге дейін шығарып салатын адамдарда да анықтама болуы керек. Құжат болмаса, терминалға кіреберістегі арнайы батырманың көмегімен санитарды шақыру қажет.

Сондай-ақ, астаналық әуежай жолаушылардан рейске онлайн режимде тіркеліп, алдын ала келуді өтінді.

Еске сала кетсек, 1 мамырдан бастап астана мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Ал 4 мамырдан Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семейге ұшақтар қатынайды. 

© SputnikАстаналық әуежайдағы медицина қызметкерлері
Нұр-Сұлтан әуежайы жаңа ереже жариялады - рейске кімдер кірмеуі мүмкін - Sputnik Қазақстан
Астаналық әуежайдағы медицина қызметкерлері

Бұған дейін санитарлық қауіпсіздікті сақтау үшін бортта тамақ берілмейтіні хабарланған болатын.

Билет құны 10-30 мың теңге аралығында. Сатып алу күніне байланысты болады.

Жаңалықтар
0