Қоғам

Қазақстанда 7 қалаға әуе рейстері ашылды 

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоПассажиры в масках на борту самолета
Пассажиры в масках на борту самолета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматының арасында әуе рейстері ашылған болатын. Ал 4 мамырда осы екі қаладан Өскемен, Қызылорда, Петропавл мен Семейге жолаушы қатынай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бүгіннен бастап тағы жеті қалаға әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгіннен бастап президенттің шешімі бойынша қосымша жеті қаламен әуе қатынасы ашылады. Олар – Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорған", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Сондай-ақ, ішкі рейстер үшін коронавирусқа тест тапсыру міндетті емес. Ал теміржол қатынасы әзірше тоқтап тұрады. 

Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматының арасында әуе рейстері ашылған болатын. Ал 4 мамырда осы екі қаладан Өскемен, Қызылорда, Петропавл мен Семейге рейстер қайта ашылды.

Тағы оқыңыз: Облыстардың бірінде карантин мамыр айының соңына дейін ұзартылды

Қазақстанда 16 наурыз күні енгізілген төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталған болатын.

 

Жаңалықтар
0