Қоғам

Тоқаев Алматыдағы ботаникалық баққа барды

© Sputnik / Тимур БатыршинСеверный партер после ремонта
Северный партер после ремонта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент ботаникалық бақтың бұрынғыдай негізгі демалыс орындарының біріне айналуы керек екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 12 мамыр –Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Бас ботаникалық бақтың жөндеу жұмысымен танысып, атқарылып жатқан іске жоғары баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар нысанды аралау барысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысына қаланың дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматының экологиялық жағдайы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар "Верный капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов Алматы ботаникалық бақты қайта жөндеу жобасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қорының бірлескен жұмысын жоғары бағалады. 

"Ботаникалық бақ – алматылықтар мен қазақстандықтар үшін, әсіресе осында туып өсіп, жастық шағын осында өткізгендер үшін танымал жер. Алматы тұрғындарын осы аумақты сақтауға, оған өз үйіндей қарауға шақырамын", – деді мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ, ботаникалық бақтың қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұрынғыдай негізгі демалыс орындарының біріне айналуы керек екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0