Пәтер кілті, архивтегі сурет

"5-10-20" жаңа бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады

4809
(Жаңартылды 16:25 13.05.2020)
Бүгінгі таңда баспанаға қол жеткізудің жаңа бағыты ретінде "5-10-20" пилоттық жобасы талқылануда. Жоба аясында әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтардың кредитке үй алу мүмкіндігі кеңейеді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. "5-10-20" жаңа бағдарламасы арқылы кімдердің баспаналы болатынын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"5-10-20" пилоттық жобасы – "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты. Бұл тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендірудің мынадай тетіктерін қарастырады:

  • несие мөлшерлемесі - 5%;
  • бастапқы жарна - 10%;
  • несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

"5-10-20" бағдарламасына кімдер қатысады

"5-10-20" пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

"Ал пилоттақ жоба аясындағы несиелендіруге 3,1 күнкөріс минимумына (101 271 теңге – Sputnik) дейінгі табысқа ие баспанасыз отбасылар қатысады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 2020 жылы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 32 668 теңгені құрайды.

Жаңа бағдарлама бойынша қандай үйлерді алуға болады

"5-10-20" пилоттық жобасы аясында баспананы "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен немесе жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады.

Жобаның шарттары қандай?

Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және төмендегідей параметрлер ұсынылуда. Жеке құрылыс салушылардың алғашқы тұрғын үйі бойынша қарыздың ең жоғары сомасы ел аймағына байланысты айқындалады:

– Нұр-Сұлтан мен Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 миллион теңгеден аспайды;  

– Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 миллион теңгеден аспайды;

– басқа аймақтар үшін 12 миллион теңгеден аспайды.

Әкімдіктер салған кредиттік тұрғын үйдің 1 шаршы метріне мынадай баға параметрлері белгіленген:

  • Алматы қаласында – 240 мың теңгеге дейін;
  • Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта – 220 мың теңгеге дейін;
  • Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта – 200 мың теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында –180 мың теңгеге дейін;
  • басқа аймақтарда – 160 мың теңгеге дейін.

"Отбасы банкі" қалай жүзеге асады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, жыл соңына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің базасында "Отбасы банкі" атты толыққанды институты құрылады.

"Бұл тұрғын үйді есепке алу, тіркеу және бөлуді бір орталықтан атқаратын болады. Мұндай міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден "Отбасы банкке" беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде "Отбасы банкі" баспанасы жоқ жанұялар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін болады", – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Оқи отырыңыз: "7-20-25": Қарағанды үшін тұрғын үй лимиті 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды

Мемлекет басшысы "5-10-20" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 390 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын.

Қазақстанда қанша адам баспана кезегінде тұр

2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, жергілікті атқарушы органдарда 540 мыңнан астам адам кезекте тұр. Оның ішінде:

  • мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері – 212,5 мың адам;
  • толық емес отбасылар – 120,5 мың адам;
  • жетім балалар – 60,8 мың адам;
  • 1 және 2-топтағы мүгедектер – 43,5 мың адам;
  • мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар – 21,1 мың адам;
  • зейнеткерлер – 18 мың адам;
  • басқа санаттар – 16 мың адам.
4809
Кілт сөздер:
баспана, тұрғын үй
Тақырып бойынша
Жастарға арналған арендалық баспана: жалақыға қатысты өзгеріс болуы мүмкін
Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты
Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарламаның шарттары белгілі болды
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беру жалғасады
"7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады
кеспе

Министрлік корей кеспесі қандай жағдайда қайта сатыла бастайтынын айтты

2
Сырттан әкелінген тауар кеден одағының талаптарына сәйкестендірілген кезде Қазақстанда қайтадан Корей кеспесін сатуға рұқсат беріледі

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті корей кеспесі Қазақстан нарығын қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан аумағына әкелінетін өнім кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) болуы туралы таңбалау талаптары бұзылмауы керек.

"Корея Республикасының уәкілетті органдарын санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу туралы хабардар ету және өнім өндірушіге қатысты бақылауды күшейту, сондай-ақ өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін бақылау зерттеулерінің нәтижелері корей кеспесін әкелуге және өткізуге тыйым салуды жоюға негіз болады", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар комитет қазір республика бойынша сауда желісінде талапқа сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тыйымды бұзып, корей кеспесін сатуды жалғастыратын кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша айыппұл салынады.

Айта кетейік, 14 қазаннан бастап Қазақстанда генетикалық түрлендірілген сояның көп болуына байланысты "Оттоги Рамен" компаниясының оңтүстік кореялық тез дайындалатын кеспесін әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Сонымен қатар санитар дәрігерлер Қытайда шығарылған Better Cokies Danish Pride печеньесіне де тыйым салды.

2
Қандастар, архивтегі сурет

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

8
(Жаңартылды 12:44 26.10.2020)
1991 жылдан бері елге 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралды. Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. 2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларға қандас мәртебесі берілді (бұған дейін оралман - Sputnik). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам Қазақстанға оралды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.

"Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан, 27,7%-і – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден", - делінген хабарламада.

Келген этникалық қазақтар, негізінен, Алматы және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.

Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті. 10,3%-і - зейнеткерлер.

Еске сала кетсек, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. Сондай-ақ, "оралман" сөзінің орнына қандас термині қолданылады.

8
Кілт сөздер:
этникалық қазақ
Тақырып бойынша
АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады
Оралман емес, қандас: сенат этникалық қазақтарға қатысты заң қабылдады 
Назарбаева Қытай елшісімен кездесуінде этникалық қазақтар проблемасын көтерді
Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәліктер береді
Оралман ба, әлде қандас па - министр өзіне қай сөз жақын екенін айтты