WhatsApp мессенджері

WhatsApp-тағы чаттарға қосылған 300-ге жуық адам сан соғып қалды

705
Елордалық полицейлер "Реальные доходы 1" және "Реальные доходы 2" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен 45 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті WhatsApp мессенджерінде "Реальные доходы 1" және "Реальные доходы 2" деген екі чат ашқан. Сөйтіп адамдарды 20 мың және одан көп ақша салуға көндірген. Небәрі он бес күннің ішінде 100% табысқа кенелетініне сендірген. Осылайша алаяқ әйел астана мен басқа өңір тұрғындарының сеніміне кіріп, қомақты қаржыны заңсыз иемденген.

Күдікті қаржы пирамидасын өткен жылдың мамырынан бері басқарғаны белгілі болды.

"Қазіргі таңда полицияға арызбен 40-тан астам салымшы жүгінді. Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтың әрекетінен елдің әртүрлі өңірінде тұратын 300-ден аса адам зардап шеккені анықталды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Павлодарда мектеп мұғалімінің қылмысы әшкере болды

Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Полиция зардап шеккендерден Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне (Бейбітшілік 19) келуді немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрады.

705
Микрофон

Әнші Досымжан Таңатаров зейнетке шықты видео

13
(Жаңартылды 18:52 25.01.2021)
2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған Досымжан Таңатаров Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Әнші Досымжан Таңатаров президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққанын хабарлады.

"2000 жылы Тараз қаласынан арнайы шақырумен келдім. Содан бері ешқайда жылжымай оркестрде қызмет істеген екенмін. 2003 жылдан бастап әскери жұмысқа кірістім, оның алдында әнші ретінде қызмет атқардым. Осы оркестрдің артқан сенімін алып шығуға бар күш-жігерімді салып өнер көрсетіп қызмет істегеніме де 20 жылдың көлемі болған екен", – деп жазды Таңатаров Instagram парақшасында.

Айтуынша, осы уақыт ішінде мемлекеттік іс-шараларда, шетелдің мемлекет басшылары мен арнайы қонақтар қатысқан салтанатты жиындарда өнер көрсеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Досымжан Танатаров (@dossymzhan_tanatarov)

"Осы оркестрмен АҚШ, Қытай, Германия, Ресей, Араб елдерінде өнер көрсетіп, өз еліміздің мәдениетін, өнерін танытуға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Өнер биігінде өзімді қалыптастыруға, танымал болуыма, жалпы азамат болуыма осы ортаның берген көмегі көп болды. 20 жылдық ғұмырым оркестрге арналды. Мен де оркестрге аз нәрсе берген жоқпын. Мемлекеттік деңгейдегі марапаттардың бәріне бірден-бір себепші болған да осы оркестр", – деп жазды ол.

Досымжан Таңатаров оркестрдің толық құрамымен бірге 2015 жылы "Қазақстан" орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін берген. Бір жылдары оркестрдің көркемдік жетекшісі болды.

"Әскери қызмет болғаннан кейін өткен жылы осы мемлекеттік күзет қызметі президент оркестірінен майор шенімен арнайы зейнетке шықтым. Оркестр басшысы Талғат Айтжанұлы әріптестерім Клара Түленбаева, Ардақ Балажанова үшеумізді осылай құрмет көрсетіп шығарып салды. Осы ұжымға, осында арнайы шақыртқан ағаларға, мені қолдаған басшыларға, халқыма рахмет айтып, басымды иемін", – деді ол.

Оқи отырыңыз: "Мені көргендер қарапайым екенсіз ғой деп таңғалады": Қайрат Байбосыновтан 10 кеңес

Айтуынша, 2000 жылы қызметке кіріскен кезде президент оркестрінің бастығы Арыстанбек Мұхамедиұлы, көркемдік жетекшісі Бекболат Тілеухан, бас әнші Нұрлан Өнербаев, ансамбль жетекшісі Рүстем Күлшебаев болған.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған. 2008 жылы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды.

13
Кілт сөздер:
әнші, зейнеткер
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады – видео
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
"Басқа проблема жоқ па?" Тоқаевтың тойға қатысты ұсынысы кімге жақпай қалды?
Ернар Айдар туралы не білеміз?
"Сантехник болып, трактор айдадым". Әншілер өнерге келмес бұрын не істегенін айтты
Вакцинация

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?

11
(Жаңартылды 18:49 25.01.2021)
Маман екпені қолданудың өз ерекшеліктері бар екенін айтады. Яғни, емделуші мұндай топқа жататын болса, дәрігермен кеңесуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын абайлап қолдануы керек, деп мәлімдеді Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург.

Сондай-ақ, ол "Спутник V" нұсқауында онкологиялық науқастарға вакцинация жасауға тыйым салынбайтынын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның пікірінше, екпені қолданудың өз ерекшеліктері бар. Яғни, емделуші мұндай топқа жататын болса сақтықпен, емдеуші дәрігермен кеңесуі керек.

"Бұл тұжырымдама "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігі мәселесімен байланысты емес. Себебі, онкологиялық науқастар түрлі химиялық терапия курсынан, соның ішінде қуатты цитостатикадан өткен болуы мүмкін (ісікке қарсы дәрі-дәрмектер тобы – Sputnik). Мұның бәрі иммундық функцияны төмендететіні анық", – дейді Александр Гинцбург.

Бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққан науқастар "Спутник V" вакцинасын абайлап қолдану керектігі хабарланған болатын. Өйткені оның мұндай науқастарға әсері туралы ақпарат әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да медициналық преапаратты қолдану жөніндегі жаңа нұсқаулықтың шыққанын күтуге тура келеді.

Орталық басшысының айтуынша, мұндай жағдайларда вакцинация туралы шешім емдеуші дәрігермен кеңескеннен кейін қабылдануы тиіс. Алайда бұл "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігіне ешқандай қатысы жоқтығын немесе пациенттердің бұл тобын иммундауға тыйым салуды білдірмейді.

Оқи отырыңыз: "Үкімет күшіне сенбей ме?": Бекболат Тілеухан екпе туралы заңға қарсы шықты

Сонымен қатар, Гинцбург "Спутник V" рак ауруын тудыруы мүмкін емес деп санайды. Өйткені, ол адамның аденовирусының дәлелденген және шимпанзе аденовирусы мен РНҚ платформасына негізделген бірқатар басқа дәрілерден айырмашылығы жақсы зерттелген. Бірақ оның ұзақ мерзімді әсерлеріне зерттеу жүргізілмеген.

11
Кілт сөздер:
коронавирус, онкология, вакцина
Тақырып бойынша
Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады
Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді
Тұмауға қарсы вакцинация: министр Цой өзіне екпе салдыруды жоспарлап отыр
Үкіметте вакцинация мен маска тағудың нәтижесі жарияланды 
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады