Архивтегі фото

Ибрагимова неліктен жаңа үйге ғана ипотека берілетінін түсіндірді

440
(Жаңартылды 18:49 14.05.2020)
"5-10-20" бағдарламасы аясында жаңа үйлерге ипотека берілсе, құрылыс саласы жандана түседі. Бұл – дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі міндеті

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. "5-10-20" бағдарламасы аясында тек жаңа үйлерге ғана ипотека беріледі. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл бағдарлама дағдарысқа қарсы жоспар аясында қолға алынып отыр. Сондықтан қайталама нарықтағы үйлерге ипотека бермеуге шешім қабылданды, кредит тек жаңа пәтерлерге ғана беріледі", - деді Ибрагимова Tengri TV арнасына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы шілдеде іске қосылады 

Оның айтуынша, жаңа үйлерге ипотека берілсе, құрылыс саласы жандана түседі. Бұл – дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі міндеті. Ал жаңа үйлердің құрылысы жанданса, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады.

"5-10-20" бағдарламасы бойынша әкімдіктер салған үйлер таратылады. Жекеменшік құрылыс компаниясынан да пәтер алуға болады. Алайда кредиттің сомасына шектеу қойылады. 

"Әзірге біз Нұр-Сұлтан мен Алматы бойынша 18 миллион теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент пен Қарағанды облысында 15 миллион теңге, қалған аймақтарда 12 миллион теңгенің шекті сомасын ұсындық. Бұның бәрі әлі де талқыланады ", - деп атап өтті Ибрагимова.

Банк басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі есеп-қисаппен Нұр-Сұлтан қаласында пәтердің бағасы бір шаршы метрі 300 мың теңге болса, 60 шаршы метрлік үйді ипотекаға алуға болады.

"Бүгінде шекті соманы арттыруға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Алайда оны арттырса, төлем қабілеттілігі жағынан қиналатын адамдар көбейеді", - деді Ибрагимова.

Айта кетейік, жаңа тұрғын үй бағдарламасына кезекте тұрған адамдар ғана қатыса алады. Бүгінде республика бойынша олардың жалпы саны – 540 мың адам. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме мамандары, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер, әскерилер мен мүгедек баласы бар отбасылар бар.

Қатысушылардың атында соңғы бес жылда үй болмауы керек. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында үш жылдық тұрақты тіркеу болуы шарт.

440
Кілт сөздер:
ипотека, тұрғын үй бағдарламасы, баспана
Тақырып бойынша
"7-20-25": Қарағанды үшін тұрғын үй лимиті 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды
"Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беру жалғасады
Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы іске қосылады
"5-10-20": отбасының табысы қандай болуы керек?
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

54
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

54
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

30
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

30
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

795
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

795
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы