Адам сұлбасы мен ұшақ көрінісі, архивтегі сурет

АҚШ-та жүрген Қазақстан азаматтары Ресей елшілігінен көмек сұрады

141
(Жаңартылды 11:01 15.05.2020)
Коронавирус пандемиясына байланысты отандастарымыз бұған дейін де Ресей арқылы шетелден елге оралған еді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан, Беларусь және Украина азаматтары елге оралу үшін Ресейдің АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдігінен көмек сұрады. Бұл туралы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов хабарлады.

"Алдымызда қыруар шаруалар тұр. Бізге АҚШ-та жүрген Беларусь, Қазақстан және Украина азаматтарынан үйіне оралуға көмектесуді сұраған көптеген өтініштер түсуде", – деп жазылған дипломатиялық өкілдіктің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Бұған дейін "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағы Нью-Йорктен Ресейге 369 адамды жеткізген.

"Біз ұшақтың осыншалықты жүктемесін бұрын-соңды көрген емеспіз және біз үшін бұл ерекше рекорд. Өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасадық. Нью-Йорктен рейстің ұйымдастырылғаны туралы алдын ала хабарлама отандастарымыздың әуежайға уақытында жетуі сияқты көптеген сұрақтарды тездетіп шешуге мүмкіндік берді", – деп мәлімдеді Антонов.

Ол рейс жолаушылары арасында елшілік қызметкерлері құрған "гуманитарлық тізімде" 40 адам болғанын атап өтті. Олардың қатарында АҚШ-та қиын жағдайға тап болған адамдар, емделу үшін барған азаматтар, мүгедек жандар, қарттар бар.

Қазақстан коронавирус індетіне байланысты басқа елдермен тұрақты жолаушылар рейстерін тоқтатты.

Шекаралардың жабылуына қарамастан пандемия кезінде әлемнің 62 елінен 12 мыңға жуық отандасымыз Қазақстанға жеткізілді. Ел үкіметі бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын тауып, шетелде жүрген жеті мың азаматтың отанына оралуына мүмкіндік беріледі деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: "Қымбатқа түсті": елордаға алғашқы карантиндік рейс ұшып келді - видео

Айта кетейік, Қазақстан екі айға жуық уақыт бойы төтенше жағдай режимінде өмір сүрді. Коронавирустың таралу қаупі сақталғандықтан, елімізде бірқатар қаласында карантин режимі әлі де жалғасуда.

141
Кілт сөздер:
АҚШ, коронавирус, төтенше жағдай
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (704)
Тақырып бойынша
Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?
Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео
Нұр-Сұлтан қаласынан тағы төрт қалаға ұшақ қатынай бастайды
Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Иманбек Зейкенов

"Грэммиге" ұсынылған ақсулық жігіт ойламаған жерден танымал болып кеткенін айтты

376
(Жаңартылды 21:07 25.11.2020)
Павлодар облысының тұрғыны Иманбек Зейкенов "Грэмми" музыкалық сыйлығын жеңіп алуға зор мүмкіндік бар деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. "Грэммиге" үміткер болған қазақстандық Иманбек Зейкенов Ақсудан ешқайда кетпей, музыка жазуды жалғастырып жатыр. Ол бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Иманбек Зейкенов ең беделді музыкалық сыйлыққа ұсынылғанын естігенде әуелі сенбегенін мойындады.

"Өзімнің тікелей эфирім кезінде білгендіктен сенбедім. Ақсу қаласында тұрамын, музыка жазамын. Жеңіске жетуге зор мүмкіндік бар", - деп Зейкенов Sputnik Қазақстанға қысқаша түсініктеме берді.   

Бұған дейін қазақ жігіті New York Times газетіне берген сұхбатында теміржолдағы жұмысын тастағанын айтқан болатын.

Иманбек Зейкеновтің Saint JHN есімді бруклиндік рэпердің Roses әніне жасаған ремиксі әлемдік чарттардың жоғарғы сатысына көтерілді. Қазақстандық мұндай танымалдылықты мүлде күтпегенін, жұлдызды әуен кездейсоқ жазылғанын мойындады.

Жұлдыз болып шыға келді: ақсулық жігіттің хитін әлемде 2,5 млн адам тыңдады

"Аудиожазбаларда Saint JHN әні болды. Тәжірибе жасағым келіп, екі сағаттың ішінде ремикс жаздым. Интернетте жарияладым, достарым лайк басты. Бар болғаны сол. Содан кейін бәрі тынышталды. Үш айдан кейін бұл ән қандай да бір топта жарияланған, ол жерде миллион жазылушы болған. Сол жерден адамдар ақырындап тыңдай бастады. Тағы бір-бір жарым айдан кейін маған продюсерлер шығып, ынтымақтастық орнатуға ұсыныс білдірді", - деді Зейкенов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Сыйлықты тапсыру салтанаты 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.  

Ремикстер арасында сыйлыққа үміткерлер:  Phil Good - Do You Ever (Rac Mix), Deadmau5 - Imaginary Friends (Morgan Page Remix), Jasper Street Co. - Praying for You (Louie Vega Main Mix), Saint Jhn - Roses (Imanbek Remix), Bazzi - Young & Alive (Bazzi vs. Haywire Remix).

376
Қазақ-қырғыз шекарасы, архивтегі фото

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді

29
Жолға шыққан жүк көліктеріне жасанды тыныс алдыру аппараттары мен Қазақстанда жасалған маскалар тиелген

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға 389 миллион теңге немесе 916 мың доллардың гуманитарлық жүгін жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қырғыз Республикасына жүк көлігімен "Көкшетау-4П" жасанды тыныс алдыру мобильді аппараттарының 400 жинағы мен Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық маска жөнелтілді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.   

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 миллион теңгеге жуықтайды, атап айтқанда "Тыныс" АҚ шығарған "Көкшетау-4П" аппараттарының құны 328 миллион теңгеге, "Dolce pharm" ЖШС және "Mega pharm" ЖШС шығарған медициналық маскалардың құны 61 миллион теңгеге бағаланды.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан президенті Тоқаевқа алғыс білдірді 

Жүк мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Қазақстан үкіметінің қаулысын орындау аясында жөнелтілді.

29
Кілт сөздер:
гуманитарлық көмек, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 млн доллардан бас тартатынын ресми түрде хабарлады
Қырғызстанға өтіп кеткен 23 мың адамның қаншасы елге оралғаны белгілі болды
Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібереді
Теңге, доллар

Ұлттық банк теңгенің неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

0
Инвесторлар коронавирусқа қарсы әзірленіп жатқан вакциналардың тиімділігі туралы хабарламаларды оң бағалап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Теңге қыркүйектен бері алғаш рет 422,87 теңгеге дейін нығайды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ұлттық валюта өткен күнмен салыстырғанда 1,79 теңгеге нығайды.

Ұлттық банктің 26 қарашаға бекіткен ресми бағамы – 422,87 теңге.

"25 қарашада биржада доллар теңгеге қатысты орта есеппен 422,90 деңгейінде саудаланады. Аптаның басынан бері ұлттық валютаның бағамы 5 теңгеден астам немесе 1,2%-ға нығайды. Теңгенің оң динамикасына қолайлы сыртқы конъюнктура, сондай-ақ экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы әсер етіп отыр", - деп атап өтті Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Оның айтуынша, инвесторлар коронавирусқа қарсы әзірленіп жатқан вакциналардың тиімділігі туралы хабарламаларды оң бағалап жатыр, бұл экономикалық белсенділіктің тез қалыпқа келу ықтималдығын арттырады. Сонымен қатар, билікті Дональд Трамп әкімшілігінен сайланған президент Джо Байденге ресми түрде беру процесінің басталуы тәуекел дәрежесін демеп отыр.  

Сонымен бірге нарықтар ФРЖ-нің бұрынғы басшысы Джанет Йелленді АҚШ қаржы министрі лауазымына тағайындау перспективаларына оң жауап береді, бұл қаржылық ынталандыруға байланысты болып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк қазан айында валюталық интервенция жүргізді 

Жедел вакцинация және отынға деген сұраныстың жедел қалпына келуі мұнай бағасын өсіруді қолдайды. Brent эталондық сұрыпты мұнайының әлемдік бағасы бірнеше күн қатарынан өсіп келеді және Азия нарықтарындағы бүгінгі сауда-саттық барысында наурыздың басынан бастап алғаш рет бір баррель үшін 48 доллар белгісінен асты. Осыған орай, Норвегия кроны мен Канада доллары сияқты шикізат елдерінің валюталары аптаның басынан бастап 1,3%-ке және тиісінше 0,6%-ке нығайды.

Сыртқы позитивтің әсерінен бөлек, осы апта салық аптасы болып қалады, бұның өзі нарықта валютаның ұсынысын едәуір күшейте түсті. Мысалы, 23 қараша күні биржадағы сауда көлемі 170 миллион долларға жетті, бұл – осы қарашада биржада тіркелген күндізгі орта көлемнен 1,5 есе көп дегенді көрсетеді.

"Дамушы елдердегі валюталар сыртқы нарықтағы жағдайларға мейілінше жақсы әсер етіп отыр. Апта басында оңтүстік африкалық ранд 1,3%-ке бекісе, Ресей рублі 1%-ке, Мексика песосы 0,3%-ке нығая түсті. Бұл жерде рубльдің өзі экспортерлердің тарапынан түскен салық есебінен нығайып отыр", - дейді Тұрсынханов.

Ал теңге сыртқы және ішкі факторлардың жайлылығынан, одан қалды тәуекел-сентимент пен нарықтағы энерготасымалдаушылардың позитивті жаңалықтарының және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан түскен көлемді салықтың арқасында бекіп тұр.

Бұл жерде мұнай бағасының көтерілуі – оны тұтыну деңгейін дер кезінде қалпына келтіруге себепші болып жататынын айта кету керек. Дегенмен АҚШ-тағы мұнай қорының есебі көрсетіп келгендей, тұтыну көлемі болжалды деңгейге көтеріле алмай отыр. Сол себепті, шынайы тұтынымның шамасына қарай көмірсутек бағасына да өзгерістер еніп тұруы мүмкін.

0
Кілт сөздер:
теңге, Ұлттық банк
Тақырып бойынша
Ұлттық банк теңге бағамы неліктен өзгергенін түсіндірді
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Теңгенің айырбас бағамы біршама өсті: қазақстандық валютаға не әсер етеді?
Досаев теңге бағамына теріс әсер ететін факторды атады