Пәтер кілті, архивтегі сурет

Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты

3742
Аталған жаңа бағдарлама бойынша үй алуда отбасылық табыс көлемі мен күнкөріс шегінің санаты зор маңызға ие

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері 3 күнкөріс шегінен аспаса, онда олар "5-10-20" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол баспана азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты берілетінін атап өтті.

"Біріншісі, айлығы төмен адамдар. Егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады", – деді Атамқұлов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

Оқи отырыңыз: Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады

Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2%-пен ипотека беріледі. Яғни, мұндай азаматтар "2-10-20" бағдарламасына қатыса алады.

"Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа "5-10-20" бағдарламасы бойынша ұсынылады", – деді министр.

Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспаналы болуға мүмкіндік бар.

"5-10-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.

3742
Кілт сөздер:
бағдарлама, пәтер, баспана, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты
2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады
Жастарға арналған арендалық баспана: жалақыға қатысты өзгеріс болуы мүмкін
Түркістан облысындағы апат: депутат баспана мәселесін қозғады 
"7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады
Процент таңбасы

Қазақстанда шағын кредит беру тәртібі өзгерді

274
Бұдан былай микроқаржы ұйымы екі апта ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанда шағын несиелерді рәсімдеу және қарызды қайтару тәртібіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік басқармасының қаулысына сәйкес, жеке тұлғалардың микрокредиттер бойынша берешегін сотқа дейін реттеу рәсімі белгіленіп отыр.

"Ал микроқаржы ұйымы шағын кредит бойынша төлеу мерзімінің кешігуі туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, қарыз алушыға ол туралы хабар беруге міндетті. Қарыз алушы төлеу мерзімінің кешігуі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде берешекті өтеу мәселесін реттеу туралы өтінішпен микроқаржы ұйымына жүгінуге құқылы", – делінген ресми хабарламада.

Микроқаржы ұйымы екі аптаның ішінде қарыз алушының өтінішін қарап, қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған жағдайда немесе онымен келісім жасалмаса, берешекті нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алуға болады.

Бұдан бөлек, микрокредит беру туралы келісімді ресімдеу шаралары мен оның мазмұнын оңтайландыруға шешім қабылданды. Атап айтқанда, микрокредитті өтеу кестесіне қосымша мәліметтерді енгізуге ұсыныс жасалды. Мысалы, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде төлеу мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер өтеу кестесінде көрсетілуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.

274
Кілт сөздер:
кредит, қаржы нарығы
Тақырып бойынша
Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды
Павлодарда ер адам ең жақын досының атынан 14 кредит алған
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды
Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ банктерден кредит ала алады
Кредит төлеу кешіккенде борышкер не істеу керек – заңгерлер пікірі
Банк карталары

Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады министрлік ақпарат берді

223
Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Бүгінде халықты интернет арқылы алдайтын алаяқтар көбейді. Ішкі істер министрілігі осы алаяқтықтың кеңінен таралған түрлері туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбековтың айтуынша, интернет-алаяқтықтықтың кеңінен тараған түрі – жарнама сайттары арқылы алдау. Тауар немесе қызметке қатысты хабарландыру жарияланып, төмен бағалар қойылады. Оған сенген адамдар өз ақшасын бірден аудара салады. 

"Алаяқтар алдын ала төлемді, тіпті, ақшаның жартысын аударып беруді сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін бөтен адамдардың атына ашылған есепшоттар арқылы ақша ұрланады. Бірақ оны білдіртпей істейді. Алаяқтар алдымен уақыт созып, тауардың келе жатқанын, я болмаса, басқа елде кідіріп қалғанын айтады. Артынан телефонын өшіріп тастайды", - деді Омарбеков апталық онлайн брифингте.

Жақында осы сияқиы алаяқтық жасаған топ ұсталды. Олар дәл сондай жолмен автобөлшектерді сатып, ондаған адамды алдап кеткен. 

"Жарнама сайттары арқылы жасалатын тағы бір алаяқтық бар. Ондайда алаяқ хабарландыруды орналастырған адамға хабарласады да, тауардың алдын ала төлемін жасап береміз дейді. Бірақ ол үшін жарнама берушінің жеке мәліметтері керек деп айтады. Сөйтіп, барлық жеке мәліметін сұрап алады. Аңқау адамдар ақшаны тезірек аламыз деп, бәрін айтып қояды. Артынан өз атына кредиттің қалай рәсімделгенін білмей қалады", - деп атап көрсетті Омарбеков.

Банк қызметкері ретінде адамдарға қоңырау шалатын алаяқтар да бар. Олар клиенттің картасы арқылы күдікті операцияның жасалғанын айтып, оны бұғаттау үшін CVC-кодты сұрап алады. Сөйтіп, интернет-банкинг арқылы барлық ақшаны үптеп кетеді. 

"Интернет-алаяқтықтың тағы бір түрі – "сыйлық тарату". Ол кезде алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, олардың қымбат сыйлық ұтып алғанын айтады. Сосын оны жеткізу үшін ақы сұрады. Аңқау адамдар тағы өзінің жеке мәліметтерін айтып қояды да, барлық ақшасынан айырылады", - дейді Омарбеков.

Бұдан бөлек, интернет арқылы тиімді салымдарға қатысты жарнамалар кеңінен таралып жүреді. Ол да алаяқтардың ісі. Ондайда букмекерлік ставкамен немесе биржа арқылы қыруар пайда табуға ұсыныс жасалады. Алаяқтар спорт матчтарының есебі мен биржадағы бағаларға қатысты құпия ақпаратты білетінін айтып, халықты барынша сендіреді. Осылайша, біраз адамдарды алдап кетеді.     

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде интернет-алаяқтықтың саны екі есеге өскен. Биыл осы салада 1 700 қылмыс ашылып, 400-дей адам ұсталды. Қылмыстардың басым бөлігі шетелден жасалады. Ал зардап шеккендердің көбісі полицияға шағым түсірмейді.

 

223
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, алаяқтық, банк, интернет
Тақырып бойынша
Маман банк картасымен қай жерде төлем жасау қауіпті екенін айтты
Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес
Қазақстандықтардың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды
Солтүстікте алаяқтар жоқ бетперделерді "сатты"
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі