Сауна, архивтегі сурет

Бас санитар дәрігер карантин кезіндегі моншалардың жұмысы туралы айтты

456
(Жаңартылды 13:22 19.05.2020)
Күту залында адамдар жиналмауы қажет және қызметкерлермен тікелей байланыс болмауы шарт. Адамдар саны нысан сыйымдылығының 30 процентінен аспауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр - Sputnik. Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева моншаларға қойылатын талаптар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Монша және сауналар үшін бассейнсіз жұмыс кестесі сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін болады. Алдын ала жазылу керек. Сосын нысаннан жалпы сыйымдылығын 30 проценттен артық адамға толтыруға болмайды", - деді Пірәлиева бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, күту залында адамдар жиналмауы қажет және персоналмен тікелей байланыс болмауы шарт.

Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавлда моншаларды ашуға шешім қабылданды. Бұдан бөлек, сауда орталықтары да ашылады. Бірақ фуд-корттар, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатрлар жабық болады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда сауда орталығында зейнеткердің неден көз жұмғаны анықталды

456
Кілт сөздер:
жұмыс, карантин, монша, дәрігер
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін - әкімдік мәлімдемесі
Кинорежиссер карантинде қандай қазақ фильмдерін көруге болатынын айтты
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма
Қазақстандықтар карантинде азық-түлікке қанша ақша жұмсағаны белгілі болды
Ескі электроесептеуіш

Маман үйдегі розетканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты

1
(Жаңартылды 11:16 30.11.2020)
Электромагниттік сәулелер эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. "Экология жизненного пространства" зертханасының директоры, эколог-сарапшы Антон Ястребцев электромагниттік сәуленің зиянын қалай азайтуға болатынын айтты.

"Адам электромагниттік сәулелермен үнемі ұшырасады. Ол бірте-бірте орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Эндокриндік, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйеге зақым келтіруі ғажап емес. Электромагниттік сәулелерден құтылу қиын, өйткені біздің айналамыз электр құрылғыларына толы, алайда оның теріс әсерін барынша азайтуға болады", - деді Ястребцев Sputnik радиосына берген сұқбатында.

Айтуынша, бұл үшін розетканы жерге тұйықтау қажет. Әйтпесе, тоққа қосылған кез келген құрылғы электромагниттік сәулелердің көзіне айналады.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, катушкаға оралған ұзартқыштан шығатын электромагниттік сәулелердің де әсері өте күшті. Сондықтан оны сымдары шатасып кетпес үшін орамаған абзал және бір мезетте бірнеше құрылғы қосуға болмайды.

Маман пәтердегі сәулеленудің ең күшті көзі электр қалқанынан тартылған сыртқы кабель екенін атап өтті.

1
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

111
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

111
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті