Түрме

"Қара бүркітте" коронавирус: өмір бойына сотталғандар қалай емделеді

666
(Жаңартылды 16:21 19.05.2020)
Бұған дейін Қостанай облысындағы 161/3 колониясында он тоғыз қызметкердің вирус жұқтырғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында "Қара бүркіт" түрмесіндегі сотталғандардан коронавирус анықталса, олар колония ішінде емделеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр колонияның 19 қызметкерінде коронавирус диагнозы расталғанын атап өтті. Бірақ, олар сотталғандармен байланыста болмаған. 

"Бәрі оқшауланды, қазір түрменің жанындағы провизорлық төсек-орын дайындалған арнайы орынжайда жатыр. Олар колония аумағына кірмеген, сотталғандармен байланыста болмаған", – деді Бюрабекова тікелей эфирде.

Бірақ, егер сотталғандар коронавирус жұқтырса, олар Қазақстанның барлық азаматы секілді хаттамаға сәйкес ем алады.

"Олар үшін колония ішінде провизорлық төсек-орын ұйымдастырылады", – деді вице-министр.

19 мамырда Қостанай облысында қылмыстық атқару жүйесінің 161/3 мекемесінде он тоғыз қызметкердің вирус жұқтырғаны хабарланды. Олардың 11 – ер адам, 8-і – әйел.

Оқи отырыңыз: "Қара бүркітте" 19 адамда коронавирус инфекциясы расталды

Бұл мекемені халық арасында "Қара бүркіт" деп атап кеткен. Ол жерде аса қатаң режим енгізілген. Колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.

666
Тақырып бойынша
Ермегияевтің бар жағдайын жасаған түрме басшысы мен орынбасары қамауға алынды
Таразда бұрынғы түрме бастығы жеті жылға сотталды  
Жынысын өзгерткен трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды
"Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды
ЕКПА сессиясы: қысым, түрме және кәсіпке сенім туралы
Білім министрі Асхат Аймағамбетов

Бірыңғай кеңістік құрылады: білім министрлері Аймағамбетовтің идеясын қолдады

291
Орталық Азия елдері өңірлік ынтымақтастықты кеңейтіп, жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін біріктіреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Орталық Азия елдерінде жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігі құрылады. Мұндай шешім Түркістандағы Орталық Азия елдері білім министрлерінің қатысуымен өткен форумда қабылданды, деп хабарлайды білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан білім министрлері, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі білім министрліктерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, ректорлар және тағы басқалары қатысты.

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білім беру саласында Орталық Азия кеңістігін құруды ұсынды. Шетелдік әріптестері оның бастамасына қолдау білдірген. Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданды.

"Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру бүгінгі таңда объективті қажеттілік болып отыр. Жыл сайын танылатын білім туралы құжаттардың жалпы санының 70%-ке жуығы –  Орталық Азия жоғары оқу орындарының құжаттары. Бүгінде Орталық Азия елдерінің 20 мыңға жуық азаматы Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді", - деді Аймағамбетов.

Тағы оқыңыз: 2021 жылы магистратура және докторантураға түсу ережелері қандай

Министр бірыңғай кеңістік аясында Еуропадағы сияқты біліктілікті танудың жеңілдетілген процедурасы мәселесін қарастыруға болатынын айтты.

Түркістан декларациясына сәйкес, енді Орталық Азия мемлекеттері өңірлік ынтымақтастықты кеңейтіп, бүкіл Орталық Азия жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін біріктіреді.

Сондай-ақ тараптар студенттермен алмасу үшін білім бағдарламаларының, бірлескен ғылыми жобалардың санын ұлғайтуға және ОА елдерінің көшбасшы студенттері арасында өзара байланыс орнатуға, тәжірибе алмасу және жұмыс бағыттарын талқылау үшін ОА елдерінің жоғары оқу орындары ректорларының форумдарын өткізуге келісті. 

Орталық Азия кеңістігіне қатысушы елдердің ынтымақтастығы Болон процесі қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоғары білім саласындағы Орталық Азия кеңістігі жанынан білім министрліктері арасындағы жұмысты үйлестіру, жоғары білімнің тартымдылығын арттыру және бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін хатшылық құрылады.

Түркістан декларациясы ынтымақтастықтың келесі бағыттарын көздейді:

  • ОА елдері жоғары оқу орындарының альянсын қалыптастыру;
  • ОА елдерінің білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу кеңесін құру;
  • ОА елдері студенттерінің альянсын құру;
  • Біліктілікті және білім туралы құжаттарды тану жөніндегі ұйымдар қауымдастығын құру.
291
Кілт сөздер:
Орталық Азия, жоғары білім алу, Асхат Аймағамбетов
Тақырып бойынша
Қыркүйектен бастап студенттер 31 мың теңге алады
"Әділдік үшін өзгертіп жатырмыз": Аймағамбетов биылғы жаңашылдықтар туралы айтты
"Бұл - өте маңызды мәселе": Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтты
Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдерге хат жазды
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген желіде жақсы жаңалығын бөлісті

270
(Жаңартылды 13:48 19.06.2021)
Жас орындаушылар бақ сынайтын "Новая волна" байқауы Сочиде 19 мен 25 тамыз аралығында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауына қатысатынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Достар, "Новая волна" байқауына баратынымды ресми түрде растаймын. Мен оған әділқазылар алқасының мүшесі және қонақ ретінде қатысамын. Кездескенше!", - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Жас орындаушылардың "Новая волна" халықаралық байқауы Сочиде 19 мен 25 тамыз аралығында өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от New Wave / Новая волна (@newwave_official)

Бұған дейін жобаның негізін қалаған Игорь Крутой байқау бағдарламасында бірнеше шығармашылық кеш жоспарланғанын мәлімдеді: Дима Билан, Александр Розенбаум, сондай-ақ Николай Басковтың мерейтойы аталып өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Фестивальдің қатысушылары: София Ротару, Григорий Лепс, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Zivert, Niletto, Полина Гагарина, Пелагея, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегрова және басқа да танымал орындаушылар.

270
Кілт сөздер:
жаңалықтар, байқау, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Иманғали Тасмағамбетовтың қандай адам екенін айтты
Димаш Құдайберген "Славян базары" ән байқауына қазылық етеді
Димаш 27 жасқа толды: әкесі әншінің туған күнді қалай тойлайтынын айтты
"Ерекше әсерге бөледі": желіде Димаш орындаған әндердің видеосы тарады
Лифт, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтан полицейлері лифт ішінде түсірілген видеоның кейіпкерін тапты

0
(Жаңартылды 16:19 19.06.2021)
Сот лифт экранын сындырған бұзақыға 14,5 мың теңге көлемінде айыппұл салды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтан тұрғын үй кешендерінің бірінде мониторды сындырған адамды тапты.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның лифт кабинасындағы мониторды сындырып тастағаны жайлы видео жарияланған болатын.

Полицейлер бұзақыны тапты – ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тәртіп бұзушының кім екені бейнекамералар арқылы анықталды.

Елорда тұрғыны жұдырығының күшін "тексеріп" көрген кезде мас болған.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот тәртіп бұзушыға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 14 585 теңге (35 долларға жуық) айыппұл салды.

Нұр-Сұлтанда лифтіде дәрет сындырған әйелдің кім екені белгілі болды

Тәртіп сақшылары тұрғындарды ортақ үй мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып, қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланатынын еске салды.  

0