Армения нөмірі тағылған көлік

Алматы қаласында Армениядан әкелінген көліктерді қалай тіркеуге болады

243
Полиция департаментінің өкілдері Қазақстанда берілген армян автокөліктерін тіркеу туралы куәлікте екі ерекше белгі тұратынын айтады

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматы полициясында Армениядан сатып алынған және Қазақстан аумағына әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселелері бойынша call-орталық құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамандар автокөлікті қалай тіркеуге болатынын, кімге тіркеуден өту қажет екенін және қызмет құны қанша болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді.

20 мамырда "Қазақстан азаматтарының Арменияда тіркелген жекелеген көлікті Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" үкіметтің №306 қаулысы ресми республикалық БАҚ-та жарияланды. Қаулыға сәйкес, Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген рөлі сол жақта орналасқан армян көліктері уақытша тіркеуден өтті.

Кім, қандай көлікті тіркете алатынын, қызметтің құны мен Армениядан әкелінген көліктерді қандай жағдайда, қанша уақыт пайдалануға болатынын Алматы полициясының өкілдері айтып берді.

"Біріншіден, қаулыға сәйкес тіркеуден 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін өтуі тиіс. Екіншіден, тіркеуден рөлі сол жақта орналасқан автокөліктер ғана өтеді. Ал енді тіркеу кезіндегі міндетті төлемдерге келетін болсақ, үш төлем бар: тіркеу үшін алым – 695 теңге, техникалық паспорт үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы 11 946 теңге", – деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Тіркеу үшін қажетті құжаттар

Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, Салық кодексінің 615-бабына сәйкес, айлық есептік көрсеткіштің 0,25% мөлшерінде (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап: – айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге) мемлекеттік тіркеу үшін алымның және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы тиіс.

Егер құжат қазақ немесе орыс тілінен басқа тілде жасалған болса, аударылып, нотариуспен расталуы қажет.

Оқи отырыңыз: Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?

Полиция департаментінде Қазақстанда берілген армян автокөліктерін тіркеу туралы куәлікте екі ерекше белгі тұратынын атап өткен жөн.

Бірінші, "ТСРА" – бұл көліктің Армениядан әкелінгенін және "өзге тұлғаға тіркелінбейтінін" көрсетеді, яғни сыйға тартылмайды немесе сатылмайтынын білдіреді.

"Ел аумағына 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген көлік тіркеуге жіберілмейді. Сонымен қатар Арменияның уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға тіркеу жүзеге асырылмайды", – деп нақтылады Алмасбеков.

Уақытша тіркеуден қайда өтуге болады

Нұрлан Алмасбековтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанға Армениядан әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу бес жерде жүзеге асырылады:

№ 1 мамандандырылған ХҚКО – Саялы шағын ауданы, Ақ қайнар көшесі, 1;

№ 2 мамандандырылған ХҚКО – Майлин көшесі, 85;

№ 3 мамандандырылған ХҚКО – Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 6;

№ 4 мамандандырылған ХҚКО – Қайрат ықшам ауданы, 181 ("Жетісу" базары");

№ 5 арнайы ХҚКО – Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118;

Сондай-ақ, Алматы қаласы полиция департаментінде call-орталық жұмыс істейді, онда тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады: +7 (747) 080 01 56 және 298-50-71.

"Қауырт желі" сағат таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін қызмет көрсетеді.

243
Кілт сөздер:
автокөлік, көлік, Қазақстан, Алматы, Армения
Тақырып бойынша
Алматыда көлігін дұрыс қоймаған жүргізушілер жазаланды
Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін
Жүргізушілер неге өзге елдің нөмірін Қазақстанда тіркегісі келмейтінін айтты
Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?
Министрлік ресейлік көлікпен жүрген жүргізушілер не істеу керек екенін айтты
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген желіде жақсы жаңалығын бөлісті

152
(Жаңартылды 13:48 19.06.2021)
Жас орындаушылар бақ сынайтын "Новая волна" байқауы Сочиде 19 мен 25 тамыз аралығында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауына қатысатынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Достар, "Новая волна" байқауына баратынымды ресми түрде растаймын. Мен оған әділқазылар алқасының мүшесі және қонақ ретінде қатысамын. Кездескенше!", - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Жас орындаушылардың "Новая волна" халықаралық байқауы Сочиде 19 мен 25 тамыз аралығында өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от New Wave / Новая волна (@newwave_official)

Бұған дейін жобаның негізін қалаған Игорь Крутой байқау бағдарламасында бірнеше шығармашылық кеш жоспарланғанын мәлімдеді: Дима Билан, Александр Розенбаум, сондай-ақ Николай Басковтың мерейтойы аталып өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Фестивальдің қатысушылары: София Ротару, Григорий Лепс, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Zivert, Niletto, Полина Гагарина, Пелагея, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегрова және басқа да танымал орындаушылар.

152
Кілт сөздер:
жаңалықтар, байқау, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Иманғали Тасмағамбетовтың қандай адам екенін айтты
Димаш Құдайберген "Славян базары" ән байқауына қазылық етеді
Димаш 27 жасқа толды: әкесі әншінің туған күнді қалай тойлайтынын айтты
"Ерекше әсерге бөледі": желіде Димаш орындаған әндердің видеосы тарады
Шенеуніктің портфелі, архивтегі сурет

Бастықтарына қандай сыйлық әперетінін айтып мақтанған шенеунік жұмыссыз қалды

284
Бөлім басшысының міндетін атқарушы әріптестеріне пара беру тәсілін айтып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында қызметкерлеріне пара беру тәсілін айтқан бөлім басшысы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахтияр Қуанышбек қызметкерлеріне облыстағы екі басқарма бастығына 50 мың теңгеге Montale атты қымбат француз әтірін сыйлайтынын айтып мақтанған.

Тіпті бастығыңа сый-сияпат жасасаң, достығың ұзағынан болады деп өзгелерге ақыл айтқан. Қымбат сыйлық жасап көңілін тапсам, орынтаққа да ұзағынан отыруға болатынын айтып қояды.

Шенеунік бұл әрекеті арқылы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, әдеп кодексін бұзды. Сол себепті қызметінен босатылды.

Тағы оқыңыз: Желіні шулатқан видео: Маңғыстау облысында пара алған шенеунік сотталды

Белгілі болғандай, Бахтияр Қуанышбек Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып жақында ғана тағайындалған.

"Өзімнің басқарма бастықтарымнан кешірім сұраймын. Себебі ешқандай арамызда сыйлық бойынша келісім болған жоқ. Облыс, аудан әкімдіктерінен де кешірім сұраймын", - деді Қуанышбек.

284
Кілт сөздер:
сыйлық, шенеунік, Маңғыстау
Тақырып бойынша
Мүгедектікті ұзартқысы келген: Таразда шенеунік пен дәрігер сотталды
Түркістандық шенеунік параға 30 қой аламын деп қызметінен айырылды
Таңғы бесте шу шығарған: Шығыс Қазақстанда шенеунік қызметтен қуыла ма
Қарағандыдағы әйелдер төбелесінен кейін бірнеше шенеунік жазаланды

Royal Ascot ат жарысындағы ерекше бас киімдер фото

0
Британияда өтетін ең танымал корольдік ат жарысы Royal Ascot кезінде бейсенбі дәстүр бойынша Әйелдер күні деп саналады

Алғаш рет мұндай күн 1832 жылы енгізілді де, сол шақтан бері ағылшындардың ең сәнді шарасына айналды.

Әйелдер күні – бұл патшайымның көңіл аударуы үшін қыз-келіншектер арасында өтетін жарыс. Әйелдер күнінің қорытындысы бойынша Елизавета ІІ патшайым есте қаларлықтай ең сәнді киім үлгісін киген аруды марапаттайды.

Мұндай киім үлгісін ойлап табу да оңай шаруа емес. Бір жағынан бәріне ортақ дресс-кодты сақтап, мейлінше қатаң стильді сақтауға тырысу керек, екінші жағынан шляпа дизайны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Ал осы жылдан бастап Royal Ascot жарысына ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келе алады. Бірақ дресс-код сақталуы шарт.

Жалпы Royal Ascot төңірегінде аңыз-әңгіме де, салт-дәстүр де көп. Оны танымал тұлғалар мен патшайымдар отбасы қолдап келеді.

Ең басты аңыз – ипподромның құрылу тарихы. Оның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады. Бұл 1711 жылы болған оқиға. Араға бір жыл салып дәл сол жерде алғашқы ат жарысы өтеді. Ол шара ағылшын элитасының ішінде жоғары деңгейде танымал болған.

Бұл ипподромды британдық тақтың иесі – ханзада Уильям шыққан адамдар басқарған.

0
  • © AP Photo / Alastair Grant

    Актерлер Ребекке Джонсон мен Брайан Манн Аскоттағы корольдік ат жарысының бірінші күнінде фотографтардың сұрауымен суретке түсіп тұр. Англия.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Royal Ascot ат жарысының тарихы үш жүз жылдан астам уақытты қамтиды. 1711 жылы ипподромның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Британдық басқарушы әулет бұл жазық даланы 558 фунтқа сатып алған. Аскот ипподромының жобасы XVIII ғасырдың ортасында әзірленгенімен, ол 1960 жылы ғана заманауи үлгіде қайта жабдықталды. 2004-2006 жылдар аралығында оған реновация жүргізілді. Алайда бұл жағдай ат жарысын тоқтатуға себеп болған жоқ. Елизавета ІІ патшайым уақытша бұл шараны Йоркке ауыстырды.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Корольдік Royal Ascot ат жарысындағы дресс-код ғасырлар бойы қалыптасып келді. Осы жылы ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келуіне болатыны сияқты жаңа ережелердің енгізілуіне қарамастан, басты дресс-код бұзылмай келеді.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Шляпа, яғни қалпақшалар да – Аскоттағы бәйгенің бір бөлшегі. Дресс-код талабы бойынша шляпаның астыңғы тірек бөлігінің көлемі 10 сантиметрден кем болмауы керек.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскоттағы ат жарысы кезінде дәстүр бойынша Ladies Day өтеді де, оның аясында аристократ қыз-келіншектер шляпаларының көлемі мен дизайны бойынша жарысқа түседі. Әйелдер күні алғаш рет 1823 жылы енгізілген болатын. Сол уақыттан бері ат бәйгесіне келгендер жарыспен қатар сән тақырыбын да қызу талқылап келеді. Ат жарысының үшінші күнінде қыз-келіншектер патшайымның олардың киім үлгісіне көңіл аударуы үшін жарысқа түседі. Жыл сайын дәл осы күні Елизавета ІІ патшайым ең ерекше, сәнді әрі жарасымды шляпа иесін марапаттайды.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскотта әрбір елуінші жылы, кейде король ауысқан сайын өзгерістер енгізіліп тұрған. Бірақ дресс-код пен шляпа еш өзгеріске ұшыраған емес.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскоттағы корольдік ат жарысы секілді консервативті салаға да техника жеткені байқалады.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Коронавирус пандемиясы да ережелерді қайта қарауға мәжбүр етті. Сондықтан биылғы Royal Ascot әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағуды қарастырды.

  • © REUTERS / Peter Cziborra/Action Images

    Royal Ascot жарысына қатысу үшін шляпа мен фасинаторды ажырата білу керек. Себебі Анна патшайымның демалыс орнына тек шляпа киген сұлулар ғана кіре алады.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Шляпалар дизайны бойынша еркіндік берілгенімен, оның дресс-кодқа сәйкес қатаң әрі кербездікті паш ететін стильде болуы міндетті.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Аскоттағы ат жарысы кезінде патшайымды күнде көруге болады. Дәстүр бойынша Royal Ascot кезінде патша әулеті Виндзор сарайынан ашық жеңіл арбамен келеді.