Алматы көшелері, полицейлер

Алматы көшелері мен аулаларын жаяу аралайтын полицейлер саны артты 

185
(Жаңартылды 15:36 22.05.2020)
Қазіргі таңда қалада екі мыңнан астам патрульдік бағыт анықталды. Оның ішінде 478-і –  автокөлік, 1487-і жаяу патрульдеу

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Алматыда жаяу патруль саны артты. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша талдау нәтижесінен кейін патрульдік полиция қызметкерлерінің 50%-ін қала көшелері мен аулаларын жаяу патрульдеу қызметіне ауыстыру туралы шешім қабылдадық", - деді Таймерденов брифингте. 

Айтуынша, қазіргі таңда қалада екі мыңнан астам патрульдік бағыт анықталды. Оның ішінде 478-і –  автокөлік, 1487-і жаяу патрульдеу. 

"Орташа алғанда тәулік сайын қоғамдық тәртіпті күзетуге шамамен екі мың полиция қызметкері жұмылдырылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын ең қылмыстық 550 бағыт бойынша екі ауысымда күзет жүргізеді. Жаяу патруль енгізілген сәттен бастап аталған аудандарда қылмыстың тіркелуі 16,5 процентке азайды", - деді ол. 

Таймерденов қалада қылмыстық ахуалдың жақсаруына стационарлық полиция бекеттерінің де көмегі көп тигенін атап өтті.

Блокпосты в Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Орташа алғанда тәулік сайын қоғамдық тәртіпті күзетуге шамамен екі мың полиция қызметкері жұмылдырылады

Айтуынша, қылмыстық аудандар мен заң бұзушылық жиі болатын орындарда 41 полиция бекеті құрылған. Олардың төртеуі туристік, отыз жетісі криминогендік аудандарда. 

"Күніне осы бекеттерде 111 полиция қызметкері жұмылдырылған. Осы жылдың төрт айында стационарлық полиция бекеттеріне 4 мыңнан астам азамат жүгінді. 1167 өтініш қанағаттандырылды. Бір мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Екі мыңға жуық азамат заңгерлік көмек пен кеңес алды", - деді департамент басшысы. 

Қылмыстық аудандарда бекеттер орнатылғаннан кейін қылмыстарды ашу көрсеткіші 11,8 процентке жақсарған. 

Сонымен қатар, ұрлықты азайту мақсатында аялдамалар мен қоғамдық көліктерде бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр. 

Департаменттің ақпаратынша, қалада 2017 аялдама пункті бар, бірақ оларда бейнебақылау камерасы орнатылған.

 

185
Кілт сөздер:
аулалар, полицейлер, көше, Алматы
Тақырып бойынша
Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем алады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады 
Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді
Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың жаппай ауыру себебі айтылды
Армян көліктерінің мәселесі: президент кеңесшісі қабылданған шешімді түсіндірді
Жақсылық Үшкемпіров

Елордада жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіров есімі берілді

0
Осыдан бірнеше жыл бұрын осы жекпе-жек орталығының іргетасы қаланып жатқанда Жақсылық Үшкемпіров ұлымен бірге құрылыс басталғалы жатқан жердің жанынан өткен. Сол кезде өзінің арманын айтыпты

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен астанадағы жекпе-жек сарайы ресми түрде Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров есімімен аталады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Осыдан бірнеше жыл бұрын осы жекпе-жек орталығының іргетасы қаланып жатқанда Жақсылық Үшкемпіров ұлы Жандоспен бірге құрылыс басталғалы жатқан жердің жанынан өткен. Уәли даңқты балуан енді ғана қазығы қағылып жатқан жерге қарап не дегенін жазды.

"Осы қазаққа, қазақтың спортына, қазақтың күресіне бір кісідей-ақ еңбек сіңірдім деп ойлаймын. Әсіресе, Одақтың даңқы дәуірлеп, біздің ұлт бәйге алмақ түгіл, өзгемен тең тұруының өзі мұң болып тұрған шақта Олимпиаданың жүлдесін жұлып алдым. Мұны бүгінгі қазаққа міндет қылмаймын, әрине. Ол кезде жастықтың буымен білінбеген де екен. Қазір ойлаймын, әлі күнге өзімнің ізімді басатын жігіттердің шықпағанына қарағанда, сол 80-ші жылдағы Олимпиада маған да оңайға соқпаған екен ау деп. Енді бір арманым бар, шіркін осы жекпе- жек орталығының құрылысы бітіп, менің атымды берсе ғой, арман жоқ еді-ау", - деген екен.

Ұлы Жандос "Бұл қай уақытта салынып бітеді дейсіз? Оған дейін кім бар, кім жоқ? Қандай шешім қабылданады? Білмейміз ғой..." деп жауап берген.

Берік Уәлидің айтуынша, Олимпиада чемпионы бақилық болып кеткеннен кейін осы әңгімені мемлекет басшысы естіген. Президент бірден қолдап, тиісті орындарға тапсырма берген.

Үкіметтің ресми қаулысы шықты. Жекпе-жек сарайы ресми түрде Жақсылық Үшкемпіров атымен аталатын болды.

Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы қазір осы жекпе-жек сарайының директоры.

0
Кілт сөздер:
Жақсылық Үшкемпіров
Тақырып бойынша
Тоқаев Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы не білеміз?
Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды
"Он мың қазақ отырғандай көрінді": Үшкемпіров ең тартысты жекпе-жегі туралы айтты
Қырық жыл бұрын Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада алтынын қалай жеңіп алды
Коронавирус, зерттеу

Биолог коронавирустың күтпеген салдарын атады

81
Қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Коронавируспен ауырған адамның ағзасы ерте қартаюы мүмкін. Мұндай жағдайда адамның аурудың жеңіл не ауыр түрімен ауырғанына қарамайды, деді Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова РИА Новости ақпарат агенттігіне.

Оның айтуынша, қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады.

"Науқастардың барлығы емді амбулаториялық жағдайда қабылдады. Бірақ арасында ауруханаға жатқызылғандар да болды. Ең әлсіз түрімен ауырып шыққан науқастардың 70%-інде кейбір ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Алайда бұл жүрек патологиясы емес, негізінен, майлы гепатоз (бауыр зардап шегеді) және ұйқы безі тінінің майлы дегенерациясы болды", - деді ол.

Оның айтуынша, әдетте мұндай диагноз 60 жаста қойылады. Ал коронавируспен ауырған адамдарда 40 жаста байқалады.

Баранова коронавирус адамдардың қартаюын тездетеді деп отыр. Сонымен қатар маман мұндай зерттеулер көп жасалуы керек деп санайды.

81
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
5G мен COVID-19-ға қатысты тағы бір видео жалған болып шықты 
"Инфекция жұқтыру қаупі жоғары": COVID-19 қай кезде жылдам тарайды
COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады
COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар саны 133 мыңнан асып кетті
COVID-19: жағдайы ауыр науқасты емдеуге 900 мың теңге жұмсалады