Қоғам

Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев принял председателя Счетного комитета Наталью Годунову
Токаев принял председателя Счетного комитета Наталью Годунову - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есеп комитетінің басшысы Қазақстан президентіне республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жайында баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Комитет төрағасы еліміздегі коронавирус пандемиясына қарсы күрес шараларына бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу жұмыстары жайында баяндады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунованың айтуынша, қаржы шығындарын бақылау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте қаржы министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулар мен камералық бақылауға тексеріс жүргізіледі. Екінші кезеңде есеп комитеті еліміздің 17 өңіріне бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ревизия жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына, жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды және тексеріс нәтижелері туралы тұрақты түрде есеп беріп тұруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты

Сонымен қатар мемлекет басшысы 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайындағы қорытынды есебімен танысты. Есеп комитеті бірінші рет бюджеттің жиынтықталған қаржылық есебі бойынша аудит жүргізген болатын.

Жаңалықтар
0