Астана тұрғындары

Есмағамбетова науқаспен байланыста болғандарға қатысты өзгерісті атады

213
(Жаңартылды 17:43 26.05.2020)
Бұған дейін жақын байланыста болғандар міндетті түрде тест тапсырып, карантиндік стационарға жатқызылды. Енді бұл тәсіл өзгерді

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 22 мамырда күшіне енген №37 қаулысындағы өзгерістеді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, шетелден әуе рейсімен келген азаматтардың ПТР нәтижесі теріс болса, олар 14 күндік үй карантиніне алынады. Демек, шетелден келген азаматтар екі күн карантиндік стационарға жатқызылмайды.

"Оларды жақын байланыста болған және байланыста болуы мүмкін деген екі топқа бөліп қараймыз. Жақын байланыста болғандар деп науқаспен бір жарым метрден аз арақашықтықта 15 минутқа дейін байланыста болған адамдарды атаймыз, байланыста болуы мүмкін адамдар – науқаспен жарым метрден көп арақашықтықта 15 минуттан артық бір жабық ғимарат ішінде болған адамдар", - деп түсіндірді бас санитар дәрігер. 

Бұған дейін жақын байланыста болғандар міндетті түрде ПТР тест алынып, карантиндік стационарға жатқызылды. Айтуынша, қазір бұл тәсіл өзгерді.

"Қазір жақын байланыста болғандарды анықтаған кезде және карантиндік стационардан шығар алдында коронавирусқа тексереміз, енді жақын байланыста болғандар тиісті жағдай жасалған болса, 14 күн үй карантиніне шыға алады", - деді ол.

Мұндай жағдайда байланыста болған адамнан карантин режимін сақтау туралы қолхат алынады.

"Ал байланыста болуы мүмкін адамдарға келер болсақ, олардан коронавирусқа тест алынады. Бұған дейін оларға 14 күн үй карантинінде болу міндеттелсе, қазір ондай шарт қоймаймыз. Тек ауру белгілері байқалған кезде хабар беру туралы қолхат аламыз. Олар үй карантиніне алынбайды, еркін жүріп-тұра алады", - деді Есмағамбетова.

Айтуынша, еліміздегі науқастардың 70%-і ауру симптомы жоқ науқастар. Бұған дейін симптомы жоқ науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жіберілген. Ал жаңа қаулыға сәйкес, ауру симптомдары жоқ науқастар инфекциялық ауруханаға 3 күнге жіберіледі.

"Үш күнде олар клиникалық диагностикалық тексеруден өтеді. Егер жағдайы қалыпты болып, ауру симптомсыз өтетін болса, олар үй карантиніне жіберіледі", - деді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 969 науқас тіркелді, оны ішінде 4 515 адам жазылып шықты, 35 адам қайтыс болды.

213
Кілт сөздер:
өзгерістер, байланыс, науқас, коронавирус
Тақырып бойынша
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Блок бекеттер әлі алынбайды – елорда әкімі 
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Көлгінов балабақшаларды ашу туралы айтты  
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

54
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

54
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

30
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

30
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

829
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

829
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы