Sputnik Қазақстан баспасөз орталығы

"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 

1287
(Жаңартылды 18:26 26.05.2020)
Қазіргі кезде осы салада жұмыс орындарын сақтап қалу үшін операторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр - Sputnik. Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының басшысы Рәшид Жақсылықов Теңіз кен орнында коронавирустың таралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Теңізшевройл" компаниясы үшінші зауытын салып жатқан жерінде 18 мың адамды үйіне қайтарды. Соның ішінде 2 мың шетелдік бар. Бірақ біз бір нәрсені түсінбей жатқан сияқтымыз. Олар вахтамен ауысып жұмыс істейді. 18 мың адам үйінде осы жұмысты күтіп отыр ғой. Сонда басын алып қосқанда 36 мың адам болады", - деді Жақсылықов Sputnik Қазақстанда өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде тағы 7,5 мың адамды үйіне қайтару амалы қарастырылып жатыр. Себебі індеттің өндіріске таралып кету қаупі бар. Ал коронавирус өндіріске тараса, мұнай өндіру жұмысын тоқтатуға тура келеді. Ондай шара біраз қиындық туғызады. Өйткені Теңіз кен орны Қазақстан мұнайының үштен бір бөлігін беріп отыр. 

"Қазіргі кезде компания жаңағы 36 мың адамды маусымның 23-іне дейін айлықпен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ 23 маусымнан кейін олардың тағдыры қалай болады? Жұмыс орнын сақтап қала ма? Жоқ, әлде жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыс іздеуге тура келе ме? Мемлекет көмектесе ме? Осы жағы әлі белгісіз", - деп атап көрсетті Жақсылықов. 

Тағы оқыңыз: "Біз үшін үлкен сын-қатер": Келімбетов мұнай бағасына қатысты пікір білдірді

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде осы салада жұмыс орындарын сақтап қалу үшін операторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Түсіністік бар. Біреулер жалақыны 70 процентке, енді біреулер 50 процентке қысқартып, жұмыс орындарын сақтап отыр.  

"Бірақ бұл қысқа мерзімді көмектер ғана, екі ай, үш айға жететін шығар. Егер індет тоқтап, осы уақытқа дейін қолға алынған жобалар қайтадан өз жұмысын бастап кететін болса, онда осы қиындықтан аман-есен өтеміз. Ал індет жалғасып, күзде екінші толқыны басталса, жобалар іске қосылмайды. Онда біз өте ауыр жағдайға түсеміз. Біздің есебіміз бойынша тек үшінші тоқсанда ғана 9 мыңнан астам адам жұмыстан қысқарады", - деп атап көрсетті Жақсылықов.

1287
Кілт сөздер:
коронавирус, маман, мұнай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1792)
Тақырып бойынша
Блок бекеттер әлі алынбайды – елорда әкімі 
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Көлгінов балабақшаларды ашу туралы айтты  
Есмағамбетова науқаспен байланыста болғандарға қатысты өзгерісті атады
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев

Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті

67
Саяси кеңесте сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, кезектен тыс ХХ съездің күн тәртібі талқыланды және  партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысы шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Nur Otan-ның орталық аппаратында партия саяси кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша үкіметтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі алдын ала мақұлданды, партияның жарғысы мен саяси доктринасына енгізілетін өзгерістер қаралды. Праймериздің 78 жеңімпазы енген мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен партияның кезектен тыс XX съезінің күн тәртібі бекітілді.

Сонымен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысы қаралды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен "кері байланыстың" пәрменді тетігі болғанын атап өтті. 

"5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 миллион адам жүгінді, оның 30%-і өтініштерін онлайн жолдады. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді", - деді Байбек саяси кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, партия депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілді. 

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

Пандемияға қарамастан, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы онлайн форматта жалғасып, электронды түрде 339 мың өтініш қабылданған.

"Соңғы 5 жыл ішінде партиялық басты органдар түрлі мемлекеттік және партиялық органдарға 800-ден астам ұсыным әзірледі. Мәселен, партиялық бақылау комитетінің араласуымен 9,3 мың медицина қызметкеріне өтемақы төленді", – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жемқорлық жасағаны үшін 610 адам партиядан шығарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес "Jas Otan" жастар қанатымен бірлесіп жоғары оқу орындары мен колледждерді тексерді. Нәтижесінде 10 мыңнан астам студенттің жатақханалардағы өмір сүру жағдайы жақсарды. 

"Жастар – Отанға!" бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда 13 мыңнан астам жас буын жұмысқа тұрды. Жастар бастамаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын қаржыландыру 2,5 есе өсті.

"Партия қатарын тазарту" аясында жарғы мен этика кодексін сақтамай, партиямен байланысты жоғалтқаны үшін 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылды.

Nur Otan пандемияға қалай қарсы тұрды

Бауыржан Байбек "Nur Otan" партиясы қоғамдық-саяси ұйымдардың ішінен алғашқылардың бірі болып пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарына қарсы тұрғанын айтты.

Мысалы, "Birgemiz" қоғамдық қоры 2,2 милионнан астам адамға, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне материалдық көмек көрсетті.

Сондай-ақ халықтың неғұрлым аз қорғалған топтарына жататын 100 мың отбасына 5 миллион медициналық маска тегін таратылды. 1 миллионнан астам адам 4,4 миллиард теңгеге бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнап 32 үй салынып, 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.

Партияның кезектен тыс ХХ съезі 2020 жылдың 25 қарашасында өтеді.

67
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Біз ұйықтап жатқан жоқпыз – "Ауыл" партиясы
"Қорықпау керек": мәжіліс сайлау туралы заңға өзгерістер енгізді
Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті
Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Портфель

Экс-мәдениет министрі Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы болды

2253
(Жаңартылды 19:56 23.11.2020)
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын бұған дейін Гүлнәр Сәрсенова басқарған болатын. Ол мамыр айында аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Есетжан Қосубаев Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның сайты.

"Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Есетжан Қосубаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Гүлнәр Сәрсенова атқарды. Осы жылдың мамыр айында ол мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге көмектесіп, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кеңселерде тексеріс жүргізілді, нәтижесінде тергеу органдары жұмыс құжаттамасының бір бөлігін тәркілеп алды.

Оқи отырыңыз: Танымал тележүргізуші Назарбаевтың орынбасары болып тағайындалды

Есетжан Қосубаевтың өмірбаяны

1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.

Есетжан Мұратұлы Қосубаев мемлекеттік басқару органдарында қызмет еткен, Қазақстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін басқарған, медиакомпаниялар мен қоғамдық құрылымдарға басшылық етіп, мәдениет саласында түрлі жобаларды ұйымдастырған.

Әр жылдары "АРТ-Центр"продюсерлік орталығының бас директоры, "Алматы – моя первая любовь" ретро фестивалінің продюсері және жүргізушісі болған, "Азия дауысы" халықаралық музыкалық фестивалінің іргетасын қалағандардың бірі.

"Асыл мұра" қамқоршылық кеңесінің құрамында болған, соның арқасында көрнекті қазақ композиторларының шығармалары бар бір жарым мыңнан астам мұрағаттық жазбалар қалпына келтірілген.

Бірнеше жыл бойы мәдени-қоғамдық институттарды басқарған. Коммерциялық және қаржы құрылымдарын басқару тәжірибесі бар.

Қазақстанды мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамыту қорының бас директорының орынбасары,  "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті,  "Kazenergy" қоғамдық қорының президенті лауазымдарында қызмет еткен.

"Алтын-Алма" АҚ басқарма төрағасы, "Атамекен" Одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының басқарма мүшесі болған.

2002 жылы мемлекет басшысы әкімшілігінің баспасөз орталығының басшысы лауазымына тағайындалған.

2004 жылы — президент әкімшілігі ішкі саясат басқармасының БАҚ және қоғамдық байланыс бөлімінің жетекшісі. 

2004 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрі.  

Есетжан Мұратұлы отандық медиақұрылымдардың, кино мен телевизияның аяққа тұруына және дамуына зор үлес қосқан. "Рауан Медиа Групп" компаниясының директорлар кеңесін басқарған.

1998 жылы Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум – "Евразия" Бірінші халықаралық кинофестивалінің бас директоры болып тағайындалған. Еуразия телевизия академиясының мүшесі (Мәскеу қаласы).

2001 жылы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы медиакорпорацияның – "Қазақстандық телевизия және радио" Республикалық корпорациясын»" ЖАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Қосубаевтың шығармашылық өмірбаянында жеке актерлік тәжірибесі бар, соның ішінде атақты кеңес режиссері Юрий Чулюкиннің  "И в шутку, и всерьёз..." фильмінде (1963 ж.) басты рөлді сомдаған.  

"Құрмет" және 2 дәрежелі "Достық", Ресейдің Чернобыль ардагерлер комитетінің "Долг и честь" ордендерімен, сонымен қатар, түрлі төсбелгілермен және медальдармен марапатталған, оның ішінде БЛКЖО ОК "Еңбек ерлігі" белгісі, "ЧАЭС апаттың салдарын жоюдың қатысушысы" құрмет белгісі, "Шапағат" медалі, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі, "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі және Қазақстан президенті атынан бірқатар алғыс хат берілген. 

2253
Тақырып бойынша
Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері ауысты
Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды
Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі экономика министрлігіне жұмысқа орналасты
Алматы, архивтегі фото

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

0
Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзатын келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды.

"Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады", – деп түйіндеді Саттаров.

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Айта кетейік, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

0
Кілт сөздер:
полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды
Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды