Кинотеатр, архивтегі сурет

Кинотеатрлардың қашан ашылатыны белгілі болды

450
(Жаңартылды 17:13 29.05.2020)
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандарды ашуға рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бүгінгі отырысында кинотеатрларды ашуға рұқсат берілді.

15 маусымнан бастап кинотеатрлар ашылады. Тиісті санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Ресми мәліметке сәйкес, 1 маусымнан бастап СПА-орталықтар мен фитнес-орталықтар ашылады. Бұдан бөлек, мәдениет пен спорт нысандары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар өз жұмысын бастайды. Ал 15 маусымда кинотеатрлар ашылатын болады. 

Айта кетейік, маусымнан басында блок бекеттерді алып тастайды. Сол кезде қалааралық автобус пен пойыз қатынасы ашылады. 

Комиссияның бүгінгі отырысында халықаралық рейстерді де ашуға рұқсат берілді. Жоспар бойынша алдымен Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесі пысықталады. Ал екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Тайланд пен Чехияға әуе қатынасы ашылады.

450
Кілт сөздер:
карантин, кинотеатр, Қазақстан
Тақырып бойынша
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Түркістан облысында карантин режимі ұзартылды
Бұл өтірік емес: Бүркіт Боратқа нағыз Қазақстанды көрсетпек

"Бұл өтірік емес": Бүркіт "Боратқа" нағыз Қазақстанды көрсетпек

259
(Жаңартылды 11:40 26.10.2020)
23 қазанда бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдында жиналды. Олар "Борат" фильмінің екінші бөлімін көрсетуге тыйым салуды талап етіп, петиция ұсынды

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Ел арасында Бүркіт ретінде танымал қазақстандық әнші Айбек Жансейітов атышулы кейіпкер Борат туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Өкінішке қарай, кинотеатрлар әлі ашылған жоқ. Сол себепті көрерменге "Супер агенттер" фильмін көрсете алмаймыз. Алайда біздің команда бір орнында тұрмайды. "Супер агенттер - 2" сериалына кірісеміз", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от B E R K U 🦅 (@berkut_aibekjan)

Бүркіттің айтуынша, бұл фильмде Боратты ұстау операциясы көрсетіледі.

"Бұл өтірік немесе вайн емес, бұл – нақты жоба. Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар. Біз Боратты ұстағаннан кейін оған нағыз Қазақстанды көрсеткіміз келеді", - деп жазды Жансейітов.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігінен кинотеатрларды ашуды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Жансейітов бірнеше фильм түсірген еді. Алайда карантинге байланысты кейінгі фильмі кинотеатрда көрсетілген жоқ.

Ал 23 қазанда бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығына "Борат" фильмінің екінші бөлімі шығуына байланысты жиналды. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петиция ұсынды. Петицияға 50 адам қол қойған.

Казахстанская молодежь пришла к генконсульству США с требованием запретить фильм Борат-2
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бір топ қазақ жігіті Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы алдында жиналды

Біраз уақыт өткен соң АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер азаматтардың өз ойын бейбіт түрде білдіргенін қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Америка құрама штаттары үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, түсіруге немесе шығуына қатыспағанын мәлімдеді.

"Борат" фильмі

Еске сала кетсек, "журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар кеткенімен, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тауып, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильмді түсіргендерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімде де ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Борат тағы да АҚШ-қа барады. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейді.

259
Кілт сөздер:
фильм, Қазақстан, Борат, Бүркіт пен Аиша
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
"Көрсетуге болмайды": "Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ бас консулдығына барды
"Борат-2" фильміне қарсы петиция: АҚШ-тың Бас консулы жауап берді
"Борат-2": министр қандай шара қолға алынатынын айтты
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді
 Birgemiz еріктілер фронт-офисінің ашылуы

Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді

15
Өтінім 15 қарашаға дейін қабылданады, ақшалай сый қарастырылмаған. Қазақстанда 2020 жыл "Волонтер жылы" деп жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді, деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Байқауға қатысу үшін 15 қарашаға дейін qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет бойынша мәліметтерді толтырып, өтінім беру қажет.

"Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан еріктілер мен еріктілер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған. Конкурсқа бүкіл әлемнің үміткерлері қатыса алады ", - деп түсіндірді министрліктен.

Байқау номинациялары

Конкурс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – qazvolunteer.kz сайтында ашық онлайн дауыс беру.

Екінші кезеңде ең көп дауыс жинаған қатысушыларды байқау комиссиясы бағалайды.

Әр номинациядан ең көп балл жинаған үш үміткер жеңімпаз болып танылады.

  • "Үздік волонтерлік ұйым"
  • "Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы"
  • "Короновирустық инфекциямен күреске қатысу"
  • "Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары"
  • "Үздік әлеуметтік көмекші"
  • "Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін"
  • "Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін"
  • "Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны
  • үшін"
  • "Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін"
  • "Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін"
  • "Білімді әйгілеудегі үлесі үшін"
  • "Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін"
  • "Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін"
  • "Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін"
  • "Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін"
  • "Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін".

Ақшалай сый қарастырылмаған.

Халықаралық сыйлықты тағайындау ережелерімен толығырақ министрліктің сайтында танысуға болады.

15
Кілт сөздер:
сыйлық, еріктілер
Тақырып бойынша
Министрлік ерікті студенттерге сағатына 1000 теңге төлеуді жоспарлап отыр
Тоқаев Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болды
Тоқаев еріктілер үшін жақсы жаңалықты бөлісті
Ақша, теңге, тиындар

Ай сайын 506 мың теңге: БЖЗҚ зейнетақыға қатысты ақпарат жариялады

12
БЖЗҚ жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 138 миллиард теңге төледі.

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ 297 253 адамға төлем төледі.

Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толуына байланысты төлемдер – 46,1 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 миллиард теңге;
  • тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты төлемдер– 27,6 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 миллиард теңге.

БЖЗҚ ақпаратынша, ай сайынғы орташа төлем (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 739 теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 506 980 теңге болды.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағын қалай көбейтуге болады?

Еске салсақ, келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Негізгі шарт – шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Жеткіліктілік шегі 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептелген. Зейнетақы жинағын баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы өтеуге, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалануға болады.

Айта кететін жәйт, зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтар соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.

12
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы
Тақырып бойынша
БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды
БЖЗҚ зейнетақы жинағының 10%-ін пайдалану ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады