Балалар, архивтегі сурет

Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

2247
(Жаңартылды 17:29 29.05.2020)
Маусымның басында блок бекеттерді алып тастайды. Мәдениет пен спорт нысандары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар жұмысын жандандырады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия балабақшаларды ашу туралы шешім қабылдады.

"2020 жылы 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі мекемелер мен қосымша білім беру ұйымдары ашылады. Топта адамның саны 15 баладан аспауы қажет", - делінген үкімет басшысының ресми сайтында. 

Ресми мәліметке сәйкес, 1 маусым бастап СПА-орталықтар мен фитнес-орталықтар ашылады. Бұдан бөлек, мәдениет пен спорт нысандары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар өз жұмысын бастайды. Ал 15 маусымда кинотеатрлар ашылатын болады. 

Айта кетейік, маусымның басында блок бекеттерді алып тастайды. Сол кезде қалааралық автобус пен пойыз қатынасы ашылады. 

Комиссияның бүгінгі отырысында халықаралық рейстерді де ашуға рұқсат берілді. Жоспар бойынша алдымен Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесі пысықталады. Ал екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Тайланд пен Чехияға әуе қатынасы ашылады.

2247
Кілт сөздер:
талап, балабақша, жұмыс
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады
Кинотеатрлардың қашан ашылатыны белгілі болды
кеспе

Министрлік корей кеспесі қандай жағдайда қайта сатыла бастайтынын айтты

0
Сырттан әкелінген тауар кеден одағының талаптарына сәйкестендірілген кезде Қазақстанда қайтадан Корей кеспесін сатуға рұқсат беріледі

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті корей кеспесі Қазақстан нарығын қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан аумағына әкелінетін өнім кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) болуы туралы таңбалау талаптары бұзылмауы керек.

"Корея Республикасының уәкілетті органдарын санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу туралы хабардар ету және өнім өндірушіге қатысты бақылауды күшейту, сондай-ақ өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін бақылау зерттеулерінің нәтижелері корей кеспесін әкелуге және өткізуге тыйым салуды жоюға негіз болады", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар комитет қазір республика бойынша сауда желісінде талапқа сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тыйымды бұзып, корей кеспесін сатуды жалғастыратын кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша айыппұл салынады.

Айта кетейік, 14 қазаннан бастап Қазақстанда генетикалық түрлендірілген сояның көп болуына байланысты "Оттоги Рамен" компаниясының оңтүстік кореялық тез дайындалатын кеспесін әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Сонымен қатар санитар дәрігерлер Қытайда шығарылған Better Cokies Danish Pride печеньесіне де тыйым салды.

0
Қандастар, архивтегі сурет

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

7
(Жаңартылды 12:44 26.10.2020)
1991 жылдан бері елге 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралды. Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. 2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларға қандас мәртебесі берілді (бұған дейін оралман - Sputnik). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам Қазақстанға оралды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.

"Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан, 27,7%-і – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден", - делінген хабарламада.

Келген этникалық қазақтар, негізінен, Алматы және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.

Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті. 10,3%-і - зейнеткерлер.

Еске сала кетсек, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. Сондай-ақ, "оралман" сөзінің орнына қандас термині қолданылады.

7
Кілт сөздер:
этникалық қазақ
Тақырып бойынша
АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады
Оралман емес, қандас: сенат этникалық қазақтарға қатысты заң қабылдады 
Назарбаева Қытай елшісімен кездесуінде этникалық қазақтар проблемасын көтерді
Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәліктер береді
Оралман ба, әлде қандас па - министр өзіне қай сөз жақын екенін айтты