НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда блок бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанмен, әзірге той-томалақ өткізуге рұқсат берілмейді. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өкінішке қарай, қазіргі таңда отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.
Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті.
"Біз дәмханалар мен мейрамханаларды ашқан кезде, алдымен, бір мезетте 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат еттік. Карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде 50 адамға дейін рұқсат берілді. Бірақ ұжымдық шараларға тыйым салдық. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді", - деп түсіндірді бас санитар дәрігер.
Есмағамбетова тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда өткен тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырды
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырда аяқталды. Бірінші маусымнан бастап өңірлер арасындағы блок бекеттер алынып, пойыздар жолға шықты.
5 маусымнан қалааралық автобустар қатынай бастайды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайды. Бұл туралы министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі Виталий Адамович айтты.
"Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңда өтетін парадқа қатысуы жоспарланбаған. Ал өткен жылы біздің әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған әскери шеруге қатысқаны белгілі", – деді қорғаныс министрлігінің өкілі.
Сонымен қатар Виталий Адамович Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу туралы да айтып өтті.
Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық аймақтарында онлайн режимде өтетін болады.
Сондай-ақ, "Жас сарбаз" қозғалысының бірқатар іс-шаралары жоспарлаған. Атап айтқанда, жас патриоттар Қарулы Күштер ардагерлерін құттықтайды. Әр аймақта эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиналыстар өтеді. Ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасады.
Оқи отырыңыз: Ресейдің 30-ға жуық қаласында Жеңіс күні құрметіне әскери парад өтеді
7 және 9 мамырда ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды республикалық телеарналар мен "Жас сарбаз" ұйымының және қорғаныс министрлігінің YouTube каналынан көруге болады.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған парад болмайды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желідегі Атырау облысында өтіп жатқан "акциялар" туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"17 сәуірде жекелеген электронды ақпарат ресурстарында Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода "Қалқан-2021" оқу-жаттығулары көрсетілген", – делінген ҰҚК хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Комитетттің баспасөз қызметі қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды, ал отандық БАҚ-тан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасағанда ҰҚК-ға жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуды сұрады.
Бұған дейін баспасөз қызметі оқу-жаттығуға дайындық барысында әскери іс-қимылдармен қатар асимметриялық шаралар қолданылатын, радиоэлектрондық күрес құралдары мен пилотсыз техника қолданылатын қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың мүмкіндіктері ескерілгенін хабарлаған еді.
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттік жекешелендіру бағдарламасы аясында Ташкент облысында бірнеше нысандарды сатуға шығарды. Жарияланған лоттар қатарында бұрынғы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі "Сиджак" демалыс аймағы да бар.
Курорттық аймақтағы зәулім сарайлар теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 5,4 гектар шамасындағы бұл жер халық арасында "Тянь-Шань маржаны" деп аталады.
Sputnik Өзбекстан агенттігінің хабарлауынша, кешен аумағында қонақ үй ғимараты мен бірнеше бассейн, амфитеатр, коттедж бен су мұнарасы және басқа да құрылыстар орналасқан.
Сондай-ақ, шарап субұрқағы мен әйнек күмбезді қысқы бақ та бар.
Аталған кешен Ташкент облысындағы тағы жеті объектімен бірге аукционға қойылды.
Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі аукционға қатысуға өтінімдерді ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін қабылдайды.
Айта кетейік, наурыз айының ортасында интернетте Гүлнәр Кәрімованың өлең түрінде жазылған хабарламасы пайда болды. Оның қызы Иман Кәрімова туыстарының жазған хаты тұтқынға берілмейтінін, адвокаттардың кіруіне тыйым салынғанын, тіпті онымен телефонмен сөйлесуге де тыйым салынғанын айтқан.
Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы жазасын Ташкент маңындағы №21 Зәңгіата әйелдер колониясында өтеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Астында қара Mercedes: Қазақстандық депутаттар таңертең жұмысқа қалай келеді
Ол қаржы жымқыру, салық төлеуден жалтару, бопсалау және ақшаны астыртын жолмен жылыстатуға кінәлі деп танылған.
Өзбекстанның Жоғарғы соты Гүлнәр Кәрімованы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бопсалау және алаяқтық жасағаны үшін 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.