Қоғам

Коронавируспен күрес: Айжан Есмағамбетованың жалақысына қатысты мәлімет шықты

© Photo : служба центральных коммуникацийАйжан Есмагамбетова
Айжан Есмагамбетова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бас санитар дәрігері санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының еңбекақысына үстемақы қосылғанын, дегенмен өзінің жалақысы өзгермегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус пандемиясы кезінде жалақысы өспегенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Республика президентінің тапсырмасымен қауіп дәрежесіне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына еңбекақыға 5 АЕК-тен бастап (13 890 теңгеден) үстемақы төлеу қарастырылған", - деді Есмағамбетова тікелей эфир барысында.

Ол өңірлердің санитар дәрігерлері үстемеақы алғанын айтты. Ал өзінің жалақысы өсті ме деген сұраққа:

"Менің айлығым өскен жоқ", - деп жауап берді.

Дәрігерлерге үстемеақы

Бұған дейін індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге үстемеақы бекітілген болатын.

"Қауіптілігі аса жоғары" — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы - 850 мың теңге;

"Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Оларға 425 мың теңге төленеді;

"Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемеақы 212,5 мың теңге шамасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады 

Бұдан бөлек, медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге төленеді. Егер қайтыс болса, 10 миллион теңге өтемақы қарастырылған.

Жаңалықтар
0