Қоғам

Белгілі қазақ дирижері Раиса Садықова қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Белгілі қазақ дирижері Раиса Садықова 76 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының баспасөз қызметі жеткізді.

"Қаралы хабар келді, Раиса Құдайбергенқызы Садықова дүниеден озды. Ол ұзақ жылдар бойы Абай атындағы МАОБТ-да дирижер болды, опера, балет және көптеген балалар қойылымын жүргізді. Әріптестері оның таңғажайып мінезі мен өз ісіне деген ерекше махаббатын еске алып жатыр. Ол кәсіби маман және үлкен жүректі адам ретінде біздің жадымызда қалады", - делінген театрдың Facebook-те жарияланған хабарламасында. 

Раиса Садықова 1944 жылы 19 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. Ол дирижерлікті кәсіби түрде меңгерген алғашқы қазақ әйелі атанды.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері қайтыс болды

Алматы музыка училищесін, Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург консерваториясын бітірген.

1964-1975 жылдары Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің әртісі болды. Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болып еңбек етті.

 

Жаңалықтар
0