Смартфон мен пернетақта

Онлайн-емхана: дәрігер мен пациент үшін қаншалықты тиімді

119
(Жаңартылды 12:36 12.06.2020)
Денсаулық сақтау министрлігі емханада онлайн қабылдауға арналған жаңа жобаны қолға алғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik, Арман Асқар. Денсаулық сақтау министрлігі онлайн-емхана жобасын іске асыруды көздейді. Оған сәйкес, әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ дәрігердің кеңесін алатын болады. Sputnik Қазақстан тілшісі жаңа ақпараттық жүйенің қалай іске асатынын зерделеп шықты.

Адамдар емханаға баруға қорқады

Бүгінде қалалық емханаларда онлайн режимде тіркеу мен дәрігердің кезегіне жазылу сияқты қызметтер бар. Ал төтенше жағдай кезінде қашықтан кеңес беру шаралары да қолға алынды. Бірақ ондайда медицина мамандары, көбінесе, телефон арқылы ем-дом алу жолдарын айтып отырады. Мәселен, Қарағанды қалалық №1 емхананың маммолог дәрігері Айгүл Нұрманова төтенше жағдай уақытында екі апта бойы қашықтан жұмыс істеп, ұялы байланыс пен WhatsApp мессенджері арқылы пациенттерді қабылдаған.

"Біз былай жасадық, адамдар тіркеу бөлімі арқылы маммологқа жазылып, телефон нөмірлерін қалдырып отырды. Одан кейін мен өзім хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрадым. Пациенттер WhatsApp-пен фото-видеосын жіберді. УЗИ болса, оны да мессенджер арқылы жолдады. Мен ол материалдардың бәрін зерделеп, қандай ем-дом алу қажеттігін айтып отырдым. Сөйтіп, қашықтан кеңес бердік", – дейді Нұрманова.

Оның айтуынша, бүгінде кейбір адамдар ондай тәртіпке үйреніп қалды. Емханаға келмей, бірден ұялы телефонға хабарласады. Ал кейбіреулер емханаға келуге қорқады.

"Енді, емхана адам көп жиналатын жер болғаннан кейін адамдар келуге қорқады. Вирус жұқтырып аламын деп үрейленеді. Содан үйден шықпай, маған фото-видеосын жібереді, кеңес беруді сұрайды", – деп атап көрсетті Нұрманова. 

Министрліктің жаңа жобасы қалай іске асады?

Жақында денсаулық сақтау министрлігі емханада онлайн қабылдауға арналған жаңа жобаны қолға алғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде оны техникалық тексерістен өткізіп жатыр. Одан кейін алдымен Шымкент, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында сынақтан өткізеді. Бәрі ойдағыдай болса, онлайн жүйені барлық аймаққа таратады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, жаңа қызмет "телеконсультация" форматында болады. Бірақ Skype, Zoom немесе WebEx сияқты шетелдік бағдарламалар қолданылмайды. Отандық  платформа әзірленіп отыр. Соның негізінде қазақстандықтар телебайланыс арқылы емхана дәрігерінен онлайн режимде кеңес алады.

"Бұл жобаның пайдасы – пациентке емханаға барудың қажеті жоқ. Кез келген адам смартфон, ноутбук немесе планшет арқылы өзі тіркелген емхананың дәрігерінен тегін кеңес ала алады", – дейді Әбішев.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде барлық адамдар емханада тіркелген. Әрбір адам өзінің дәрігерін біледі. Дәрігер де пациенттің денсаулығы жайында хабардар. Оған қоса, ақпараттық жүйелерде барлық мәлімет бар. Соның негізінде қажетті кеңес беруге болады.

Халық не дейді?

Елорда тұрғыны Нұрлан Жақиянов та дәрігер кеңесін қашықтан алуға қарсы емес. Алайда дәрігерге барып көрінгеннің пайдасы көп деп санайды.

"Иә, дәрігерден қашықтан кеңес алған ыңғайлы. Бірақ қазір адамдар дәрігердің телефонын біліп алады да, звондай береді, содан соң фото-видеосын жібере береді. Кезексіз кеңес беруді сұрайды. Ал жаңағы телеконсультация болса, бәрін кезекпен қабылдайтын шығар. Дегенмен, дәрігерге барып көрінгеннің пайдасы көп сияқты", – дейді Жақиянов.

Төтенше жағдай кезінде телефон арқылы кеңес берген дәрігер Айгүл Нұрманова да қашықтан жұмыс істеген оңай емес деп отыр. Мәселен, осы жолы бірде компьютерге, бірде телефонға үңілуге тура келді. Оған қоса, әрбір сырқаттың белгісін анықтаудың өзіндік жолдары бар.

"Шыны керек, компьютер мен телефоннан басымызды көтере алмадық. Компьютерде әрбір пациент бойынша есеп жазасың, одан кейін бірден телефонға үңіліп, адамдарға кеңес бересің. Сол жағынан ыңғайсыздау болды. Маған адамның ауырып тұрған жерін қолмен ұстап көру керек. Иә, фото мен видеоны көргенде бәрін түсінемін. Дегенмен, саусақпен ұстап көрген де дұрыс", – деді Нұрманова.

Маман қашықтан жұмыс істеген кезде біраз тәжірибе жинағанын айтады. Сондықтан жаңа жоба енгізсе, телеконсультация форматында қабылдау жүргізуге дайын.

"Енді, қашықтан жұмыс істесек, үйренеміз ғой. Оған қоса, күзде коронавирустың тағы бір толқыны болады дейді. Телеконсультация форматында болса, оны да алып кете аламыз. Өйткені тәжірибе бар, ақырындап бейімделіп жатырмыз", – дейді Нұрманова.

119
Кілт сөздер:
емхана, онлайн тіркелу
Тақырып бойынша
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер
Дәрігер жұртты донор болуға қатысты ұстанымын тірі кезінде білдіріп кетуге үндеді
Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек – дәрігер кеңесі
"Нұр Әлемде" медицина қызметкерлерінің суреті пайда болды - видео
телефон

Мамандар телефон арқылы ақша ұрлаудың әдістері туралы айтты

371
(Жаңартылды 13:20 10.05.2021)
Сарапшылардың айтуынша, смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операциясына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейлік мамандар картасыз төлем жасау жүйесі арқылы ақша ұрлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтты. Алаяқтар оны жиі қолданып жатады.

"Синергия" университетінің "Банк ісі" кафедрасының аға оқытушысы Антон Рогачевскийдің айтуынша, барлық төлем телефон арқылы жасалса, ақшаны кәдімгідей терминалдың көмегімен кез келген жерде ұрлауға болады.

"Біз телефонды ылғи шалбардың калтасына салып жүреміз. Терминалды да сөмкеге салып, қажетті соманы енгізу арқылы ақшаны ұрлап кетуге болады. Ол үшін қарбалас сәтті пайдаланып, қоғамдық көлікте ме, басқа жерде ме, адамға жақын тұрып, телефонға сөмкені жақындатып өткізсе де жеткілікті", - деді Рогачевский "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында.

Ал Еуропалық заң қызметінің заңгері Евгений Иванов NFC арқылы төлем жасаудың басты кателігін атады. Оның айтуынша, телефонмен ақша аударғанда операцияны саусақтың ізімен немесе пин-кодпен растау қажет. Бірақ смартфонды ұрлап кетсе, алаяқтар иесінің барлық қаржылық операцияларына кіре алады. Сол себепті ұялы телефонды үнемі бұғаттап отыру қажет. Ал картасыз төлем жасау жүйесіне мобильді аударымның шекті сомасын енгізіп қойған дұрыс.

Бұған дейін SafeNet аймақтық инжинирингтік орталығының директоры Денис Кувиков телефон алаяқтарының қалай қылмыс жасайтынын айтқан еді. Олар алдымен сан алуан интернет-дүкендерінің сайттарын бұзып, адамдардың жеке мәліметтерін алады. Сөйтіп әрбір адамның мекенжайын, аты-жөнін, қандай банкте тіркелгенін және тағы басқа ақпаратты алып, алаяқтық әрекеттер жасайды.

Оқи отырыңыз: "Мобильді аударым жасаңыз!": кәсіпкерлер халықты қалай алдайды

 

371
Екпені тасымалдау

Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

984
(Жаңартылды 12:46 10.05.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, стикерлеу жұмысы СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық студенттерді Қытайдан әкелінген вакцинаның жапсырмасын қазақстандық екпеге ауыстыруға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.  

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада әйел медициналық оқу орнында оқитын студентті кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, студенттерді сабақ уақытында жасырын түрде "СК-Фармацияның" қоймасына алып барады да, қытайлық вакцинаға қазақстандық екпенің стикерлерін жабыстыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп шетелдік препаратты отандық өнім ретінде ұсынады. Қоймаға ұялы телефонмен кіргізбейді және орындалуы тиіс күнделікті жоспар бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вакцинаны QazVac стикерлеріне ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстанға "Hayat-Vax" вакцинасының 400 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық екпе.

Вакцинаның нұсқаулығы мен белгілері араб және ағылшын тілінде жазылған. Ал "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 242-бабына сәйкес елімізде барлық дәрілік заттар қаптамасына қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық анық таңбамен жазылып, айналымға түсуі тиіс.

"Қажетті белгілерді қоюға және нұсқаулығы бар парақтарды буып-түюге ерікті студенттер көмектесті", – дейді министрлік мамандары.

Стикерлеу СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 штаттық қызметкер жұмыс істеді. Жұмысты тездету мақсатында еріктілердің көмегі ұсынылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Ақтөбе қаласында – 10 адам.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қоймаға кірердің алдында барлық келушіге тиісті ережелер түсіндірілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық та берілді. Ал стикерлер мен аннотацияларды дайындау, сондай-ақ стикерді қаптамаға жабыстыру волонтерлік қызмет негізінде жасалғандықтан қандай да бір келісімдер мен шарттарға қол қою көзделмеген.

984
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды
Батут

Орал саябағында тағы төтенше жағдай: батутта ойнап жүрген балалар өлім аузынан қалды

0
Бұл бір аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні орталық бақта орналасқан аттракционнан ақау шығып, сегіз бала жарақаттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Оралда саябақта балалар ойнап жүрген кезде, кенеттен батуттың желі шыға бастаған. Оқиға болған кезде аттракционда 20-дан астам бала болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Оқиға 9 мамыр күні сағат 18.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Саябақта орнатылған батут балалар ішінде болған сәтте аяқ астынан желі шыға бастайды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеороликпен бөлісті. 

"Батут кішкентай емес, биік және көлемді. Оның ішінде түрлі жастағы 20-ға жуық бала болды. Ата-аналар балаларды құтқару үшін бірден аттракционға жүгірді. Кішкентай балалар қорқып, жылап жатты. Кіре берістегі қыз жай ғана бұл оның батуты екенін айтты, тіпті кешірім де сұрамады. Электр қуатының өшірілгенін жеткізді", - дейді Самал есімді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, балалар ауыр жарақат алған жоқ, бірақ қатты қорқып қалған.

"Аттракционның иесі ақшаны қайтарғысы да келмеді, кейіннен қайтарып берді. Әңгіме ақшада емес, оқиғада ғой. Егер балалардың бірі ауыр жарақат алса немесе Құдай сақтасын, қайтыс болып кетсе ше? Сонда нағыз қаза болар еді. Бұл аттракциондар неге тексерілмейді? Қосалқы генераторлар неге жоқ? Саябаққа батут неге қояды? Бұл демалыс орны емес пе, аттракционнан аяқ алып жүре алмайсыз. Балаға қауіпті екенін қалай түсіндіруге болады? Жақында ғана аттракционға байланысты оқиға болған еді", - дейді әйел.

Оқи отырыңыз: Оралда ата-аналар әткеншекке мінген балаларын күтіп тұрғанда күтпеген оқиға болды

Бұл арада қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов болған жайттан хабарсыз екенін, бірақ тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Кеше демалыс болды, мен кешке дейін жұмыста болдым, бірақ маған бұл жағдай туралы айтылмады. Электр қуаты кеше шынымен сөніп қалды, соған байланысты орын алған оқиға шығар. Бүгін біз қызметтік тексеріс жүргіземіз", - деп атап өтті Жасұлан Сәкенов.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында төтенше жағдай болды. "Калейдоскоп" каруселі кенеттен тоқтап, креслода отырған балалар бір-біріне соқтығысты. Сегіз бала жарақаттанды.

0
Кілт сөздер:
Орал, саябақ, батут
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті
Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды
Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті