Қоғам

Қазақстанда жедел жәрдем шақыратындар саны артты

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи в Нур-Султане
Автомобиль скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында бұған дейін тәулігіне 1000-ға жуық қоңырау түссе, қазір тәулігіне 2,5 мыңға жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен жылдың қазіргі кезеңімен салыстырғанда жедел жәрдем қызметін шақыратындар саны артқан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жедел жәрдем шақыру көбейді. Біз мониторинг жүргізіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен, өткен апталармен салыстырдық, қалалар мен өңірлерде жедел жәрдем шақыратындар саны артқан", - деді Ақтаева онлайн брифингте.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында бұған дейін тәулігіне 1000-ға жуық қоңырау түссе, қазір тәулігіне 2,5 мыңға жетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырған 119 адам жансақтау бөлімінде жатыр 

"Халыққа айтарым: 103 – адам өміріне қауіп төнген жағдайда, "қазір және осында" принципімен көмек көрсету үшін шақырылатын қызмет. Дегенмен, үнемі мұндай жағдайлар бола бермейді. Бірақ, пациенттерге ақпарат алу маңызды. Сол себепті жедел жәрдем жанында диспетчерлікпен қатар, байланыс орталықтары жұмыс істейді. Ол жерде отырған дәрігерлерден консультация алуға болады", - деп түсіндірді ол.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 192 адам коронавирус жұқтырды. Оның 9 488-і жазылып шықты,  81 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0