Қоғам

"833 мың жетпейді": сенат төрағасы қандастарды мазалайтын үш мәселені атады

© Photo : Пресс-служба сената парламента Республики КазахстанПредседатель сената парламента Маулен Ашимбаев
Председатель сената парламента Маулен Ашимбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат төрағасы бірінші вице-премьерге кезекті бюджетті қараған кезде осы мәселелерді ескеру керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қандастар жиі көтеріп жүрген үш мәселені атап, үкіметтің назарын аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әшімбаевтың айтуынша, бірінші мәселе – азаматтық алу. Қазіргі таңда қандастар азаматтық алу үшін жарты жыл, тіпті бір жыл жүреді. Сенат спикері азаматтық алу рәсімін жеңілдету қажет деп санайды.

"Екінші мәселе  – жұмысқа тұру. Олар шетелден қоныс аударады, кейбіреулері біздің ортаға бейімделуі керек, сондықтан жұмысқа орналасу үлкен мәселелердің бірі. Мұны да олар жиі көтеріп жүр. Жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан нақты жұмыстар жасалуы керек, жанашырлық керек", - деді Әшімбаев.

Үшінші, ең негізгі мәселе, оның айтуынша, қандастарды баспанамен қамту.

"Бүгінгі күні мемлекет тарапынан берілетін субсидияның мөлшері – 833 мың теңге. Енді 833 мың теңге баспана алуға жетпейтіні түсінікті, бұл пәтер алу үшін бастапқы жарнаға да жетпейді. Сондықтан бұл мәселе ең үлкен сұрақтардың бірі", - дейді спикер.

Ол қандастар мәселесімен тек ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ғана емес, бүкіл үкімет айналысуы қажеттігін атап өтті.

"Баспана мәселесін шешу үшін субсидияны көбейту қазіргі жағдайда қиындау болатын шығар. Бірақ басқа жолдарын қарастырайық. Арнайы бағдарламаларға қосылып жатса, алғашқы жарнасын төлеуге көмек берілсе,  төмен пайызбен несие алса, үлкен көмек болар еді", - деді Әшімбаев.

Сенат төрағасы бірінші вице-премьер Әлихан Смайыловқа кезекті бюджетті қараған кезде осы мәселелерді ескеру керектігін айтты.

Жаңалықтар
0