Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты ақпарат жарияланды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған жоқ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол соңғы күндері еліміздің көптеген азаматы мемлекет басшысының денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдап жатқанын атап өтті.

"Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулығы жақсы екенін хабарлаймын. Соңғы кездердегі эпидемиологиялық жағдайдың өрши түсуіне байланысты, ол күнделікті коронавирусқа тест тапсырып жатыр. Тапсырылған барлық тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті", - деді  Берік Уәли.

Оның айтуынша, президент өзінің қызмет орнында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды 

"Қазақстан президенті твит арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Тұңғыш президенттің өзіне тән мықты рухының арқасында бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірді", - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.

Жаңалықтар
0