Қоғам

Путин Назарбаевқа жеделхат жолдады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев (слева) на церемонии встречи глав государств-участников V Каспийского саммита в Актау.
Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Нурсултан Назарбаев (слева) на церемонии встречи глав государств-участников V Каспийского саммита в Актау. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирустан құлан таза айығып кетуін және зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.

Путин коронавирус инфекциясын жұқтырған Елбасыға қолдау білдірді. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Осы бір қиын сәтте Сізге шын жүректен қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік қуатыңыз, сергек рухыңыз бен оптимизм Сізге вирусты қысқа мерзімде жеңуге көмектесетініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа құлан таза айығып кетуін және зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

Оқи отырыңыз: Ресей премьері Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі 

Еске сала кетейік, 18 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды. Баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, үрей мен мазасыздануға себеп жоқ. Ол Елбасы қарым-қатынастың заманауи түрін пайдаланып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0